23.05.2017, 16:59 2864

Мәскеу-Көкшетау-Мәскеу жаӊа әуе бағыты ашылды

"Бүгiн алғашқы рейспен Мәскеуден 60-қа жуық жолаушы ұшып келдi. Ал, Көкшетаудан 30-ға жуық жолаушы аттанатын болады. Жолаушылардыӊ алаӊсыз ұшуына барлық жағдай қарастырылған",- дедi "Авиакомпания S7" әуе компаниясыныӊ өкiлi Александр Завражин.

Көкшетау. 23 мамыр. Kazakhstan Today - Ақмола облысында Мәскеу-Көкшетау-Мәскеу жаӊа әуе бағыты ашылды.

Еске сала кетейiк, қазiргi кезде Көкшетау әуежайы арқылы Ақтау-Көкшетау-Ақтау, Алматы-Көкшетау-Алматы бағыттарында аптасына екi рет iшкi әуе рейстерi қатынайды. Оған қоса, ағымдағы жылдыӊ 5 мамырынан бастап, Шымкент-Көкшетау-Шымкент әуе бағыты ашылды. Бұл рейстер аптаныӊ жұма және жексенбi күндерi СКАТ әуе компаниясыныӊ CRJ-200 әуе кемелерi арқылы жүзеге асырылады.

Ендi Көкшетау халықаралық әуежайы арқылы әр жексенбi сайын "Авиакомпания S7" әуе компаниясыныӊ Airbus A320 жайлы самолеттерi арқылы Мәскеудiӊ "Домодедово" әуежайына тiкелей әуе рейсi ашылып отыр. Ұшу уақыты - 3-3,5 сағат. Билет құны 50 мыӊ теӊге.

"Бүгiн алғашқы рейспен Мәскеуден 60-қа жуық жолаушы ұшып келдi. Ал, Көкшетаудан 30-ға жуық жолаушы аттанатын болады. Жолаушылардыӊ алаӊсыз ұшуына барлық жағдай қарастырылған",- дедi "Авиакомпания S7" әуе компаниясыныӊ өкiлi Александр Завражин.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны