04.05.2016, 20:21 4616

Мәскеулік ветеринар Алматы зообағындағы жолбарысты дәрі егіп өлтіруге кеӊес берді

Амур жолбарысын емдеу оны қинаумен теӊ. Алматы зообағындағы аӊдардыӊ денсаулығын тексеру үшін Мәскеуден арнайы шақыртылған ветеринар емніӊ пайдасы болмайды деген қорытындыға келген. Сондықтан жолбарысты дәрі егіп өлтіру қажет дейді Михаил Альшинецкий

Алматы. 4 мамыр. Kazakhstan Today - Амур жолбарысын емдеу оны қинаумен теӊ. Алматы зообағындағы аӊдардыӊ денсаулығын тексеру үшін Мәскеуден арнайы шақыртылған ветеринар емніӊ пайдасы болмайды деген қорытындыға келген. Сондықтан жолбарысты дәрі егіп өлтіру қажет дейді Михаил Альшинецкий, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Құралайды емдеу тәсілдерін қарап шыққан мәскеулік маман жолбарыстыӊ жамбасындағы ашық жарадан сүйегініӊ көрініп жатқанын және оныӊ асқа жоламағанын байқаған. Ал беріліп жатқан дәрілердіӊ пайдасы шамалы екен. Сондықтан жануардыӊ жанын қинамай өлтіру қажет деген қорытынды жасапты. Бірақ зообақ басшылығы алған бетінен қайтпай отыр. Азып-тозып кеткен Құралай атты жолбарысты қайткенде де аяғынан тік тұрғызамыз деген ойда, деп хабарлайды www.ktk.kz тілшісі.

Ақбай Ижібаев, Алматы хайуанаттар бағы директорыныӊ орынбасары:

-Мәскеулік дәрігер өз пікірін айтты. Бірақ біз мүмкіндіктіӊ бар екенін көріп тұрмыз. Сондықтан соӊына дейін күресеміз. Қазіржолбарыс әдеттегіден екі есе көп тамақ жеп, орнынан өз күшімен тұра алады. Бұл біз үшін айтарлықтай жетістік

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны