12.10.2018, 22:34 6901

Мәулен Ишімбаев Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді

Қызылорда қаласыныӊ 200 жылдық мерейтойы аясында Сырдарияныӊ сол жағалауынан пайдалануға берілген алғашқы нысан - "Рухани жаӊғыру" орталығы мен қалалық мұражай ғимаратыныӊ салтанатты ашылу рәсімі өткен болатын. Бұл нысан 1925 жылы ұлттыӊ ресми "қазақ" аталуы туралы тарихи шешім қабылданған Қазақ Орталық Атқару Комитетініӊ сызба-нұсқасы негізінде салынған.

Қызылорда. 12 қазан. Kazakhstan Today - "Нұр Отан" партиясы төрағасыныӊ бірінші орынбасары Мәулен Ишімбаев Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысыныӊ Жолдауын талқылау бойынша партия активімен кездесу өткізіп, Қызылорда қаласы мен Сырдария ауданыныӊ әлеуметтік нысандарыныӊ жұмысымен танысты.

"Нұр Отан" партиясы Төрағасыныӊ бірінші орынбасары Мәулен Ишімбаев Сыр өӊірініӊ жетістіктері мен қарқынды дамуын ерекше атап өтті.

"Қызылорда облысыныӊ ежелден бері өзіндік дәстүр-салты мен мәдени құндылықтары бар екені белгілі. Бүгін де аймақ қарқынды дамып келе жатқанын жаӊа қала құрылысынан, цифрландыру мен кәсіпкерлік бойынша жүргізіліп жатқан жобалардан анық көруге болады. Бұл жұмыстарды Мемлекет басшысыныӊ Жолдауына сәйкес нақты тапсырмалар аясында жалғастыру керек. Ал партияныӊ міндеті кеӊ ауқымды ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізе отырып, іске асыру жолдарын көрсетіп, өӊірлердегі тапсырмалардыӊ орындалуына бақылау жасау болып табылады", - деді "Нұр Отан" партиясы Төрағасыныӊ бірінші орынбасары.

Өз кезегінде, Қызылорда облысыныӊ әкімі Қ.Көшербаев Елбасы Жолдауы аясында адами капиталды дамытудыӊ маӊыздылығын атап өтті.

"Сарапшылардыӊ бағалауы бойынша, Батыс Еуропа елдерінде адам капиталыныӊ жалпы ішкі өнімді қалыптастыруға қосқан үлесі 30%, АҚШ-та 40%, ТМД елдерінде ол 10-15%-ды құрайды. Бүгінде әлеуметтік-экономикалық дамудыӊ сапалық сипаттамалары алға шығуда. Бұл өсімніӊ арқасында экономикада ілгерілеу байқалады. Жалпы ішкі өнім көрсеткішініӊ өсуі жоғары технологиялық өндірістердіӊ - білім беру, денсаулық сақтау, ғылым және басқа да зияткерлік қызметтер есебінен жүруі тиіс. Нәтижесінде әлеуметтік-экономикалық жүйеніӊ тиімділігі артып, еӊ бастысы өмір сапасы жақсарып келеді", - деп атап өтті облыс әкімі.

Сондай-ақ, актив жиынында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетініӊ ректоры Қылышбай Бисенов білім беру саласында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы айтты. Сырбойылық 500-ден астам түлек Мәскеу мен Санк-Петербургтіӊ жоғары оқу орындарында оқып жатыр. Айта кетейік, мектеп түлектерініӊ 97 пайызы жоғары оқу орындары мен колледждерде біліп алуда.

Кәсіпкер Айгүл Мұханбетжанова мемлекеттік қолдау арқылы жүзеге асқан өз кәсібі жайлы айтып берді.

"Қазіргі таӊда кәсіпкерлерге арналған шағын-орта бизнесті дамыту үшін барлық жағдай жасалған. "Бизнестіӊ жол картасы" бағдарламасы бойынша несие алып, күйеуіммен бірге шұлық цехын іске қостық. Тәулігіне 400 жұп шұлық дайындап, осылайша жергілікті өнім шығарудамыз",- дейді кәсіпкер.

Атап өтейік, 2018-2020 жылдарды өӊірде жаппай кәсіпкерлікті дамытудыӊ үш жылдығы деп жариялады. Қазіргі таӊда шағын-орта бизнесті қаржыландыру үшін облыстық бюджеттен 32 млрд. теӊге, стартап-жобаларға 3 миллиардтан астам қаржы бөлінген.

Жаппай кәсіпкерлікті дамыту облыста үш маӊызды мәселеніӊ шешім табуына: салық базасын жақсартуға, тұрғындарды жұмыспен қамтуға және қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал ететінін аймақ басшысы атап өтті.

"Жас Отан" жастар қанатыныӊ облыстық филиалыныӊ төрағасы Талғат Тілес жастардыӊ бастамаларына қолдау көрсету бойынша аймақта атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Қазіргі таӊда Сырдарияныӊ сол жағалауында заманауи жастарға қызмет көрсету орталығы салынып, жастар үшін барлық жағдай қарастырылуда.

Облыс әкімдігініӊ ғимаратында М.Ишімбаев Ситуациялық орталықтыӊ жұмысымен танысып, Қызылорда облысыныӊ тәжірибесін республика бойынша тарату қажеттігін айтты.

Жұмыс сапарында "Нұр Отан" партиясы Төрағасыныӊ бірінші орынбасары Сырдарияныӊ сол жағалауынан "7-20-25" бағдарламасымен салынып жатқан тұрғын үй құрылысы нысандарымен танысты. Атап өтейік, Қызылорда облысында "Орда" тұрғын үймен қамтамасыз етуге арналған "Жол картасы" шеӊберінде халықтыӊ әлеуметтік осал топтарын қолжетімді баспанамен қамту жоспарлануда.

Сонымен қатар, М.Ишімбаев сол жағалаудағы жақында іске қосылған "Рухани жаӊғыру" орталығында болды. Еске сала кетейік, Қызылорда қаласыныӊ 200 жылдық мерейтойы аясында Сырдарияныӊ сол жағалауынан пайдалануға берілген алғашқы нысан - "Рухани жаӊғыру" орталығы мен қалалық мұражай ғимаратыныӊ салтанатты ашылу рәсімі өткен болатын. Бұл нысан 1925 жылы ұлттыӊ ресми "қазақ" аталуы туралы тарихи шешім қабылданған Қазақ Орталық Атқару Комитетініӊ сызба-нұсқасы негізінде салынған.

Айта кетейік, жыл соӊына дейін сол жағалаудан алғашқы шағын аудан мен бірқатар әлеуметтік нысандарды пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Жұмыс сапары барысында Мәулен Ишімбаев №3 С.Толыбеков атындағы мектеп-лицейініӊ және И.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында орналасқан ІТ-парк жұмысымен танысты.

Ирі қарай "Кәсіпкерлікке арналған геоақпараттық онлайн қызметі" партиялық жобасы шеӊберіндегі кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына барды. Орталықта кәсіпкерлерге "бір терезе" қағидаты бойынша жер мәселелері, сәулет және құрылыс, инженерлік желілерге қосылу, мемлекеттік кіріс мәселелері, қаржы институттары үшін қаржыландыру шарттары, банкке дейінгі және кейінгі жобаларды қолдау бойынша 40-тан астам қызмет түрі ұсынылады. Барлық қызметтер тегін көрсетіледі. Бұл республика көлемінде теӊдесі жоқ орталық болып табылады.

Бағдарлама аясында М.Ишімбаев Сырдария ауданыныӊ Шаған ауылында өткізілген актив жиынына қатысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны