08.06.2016, 14:35 7415

Маусым айында Қазақстанда көп қабатты үйлердіӊ терезесінен 5 бала құлады

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті балалардыӊ қатысуымен жазатайым оқиғалардыӊ өсуіне байланысты дабыл қағып отыр

Астана. 8 маусым. Kazakhstan Today - ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті балалардыӊ қатысуымен жазатайым оқиғалардыӊ өсуіне байланысты дабыл қағып отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Маусымныӊ тек алғашқы 7 күнінде көп қабатты үйлердіӊ терезесінен кішкентай балалардыӊ құлауыныӊ 5 оқиғасы тіркелді. Оныӊ ішінде екеуі Астанада орын алса, Талдықорған, Қостанай және Теміртау қалаларыныӊ әрқайсысында бір оқиғадан болды. Балалар түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемелерге жатқызылды. Жалпы, жыл басынан бері көп қабатты үйлерден құлағандығы жөнінде 20 оқиға тіркелді",-делінген хабарламада, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

ТЖ жөніндегі комитет өкілдері аталған қайғылы оқиғалар ата-аналардыӊ тиісті деӊгейде балаларын қарамауынан болып отырғанын айтуда. Осы ретте құтқарушылар ата-аналарды сәбилерді жіті назарда ұстап, оларды қараусыз қалдырмауға шақырды.

Құтқарушылар пәтерде кішкентай балалар болған жағдайда терезелерді ашық қалдырмау жайында, терезелердіӊ алдынан жиһаздардыӊ барлық түрлер алып тастау, баланы қараусыз қалдырмау туралы ескерту жасауда. Осыған байланысты ТЖК мамандары терезеніӊ айқара ашылуына жол бермейтін арнайы бекіткіштерді орнату ұсынысын жасап отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны