02.07.2012, 14:51 3101

Маусым айында күнкөрістің ең төменгі деңгейі 17 мың 188 теңгені құрады

Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2012 жылғы маусымда өткен аймен салыстырғанда 6,6 пайызға өсті. Ал осы көрсеткіш 2011 жылғы маусыммен салыстырғанда 2 пайызға артық.

Астана. 2-шілде. Kazakhstan Today - 2012 жылдың маусым айында күнкөрістің ең төменгі деңгейі 17 мың 188 теңгені құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Статистика агенттігінің хабарлауынша, негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2012 жылғы маусымда өткен аймен салыстырғанда 6,6 пайызға өсті. Ал осы көрсеткіш 2011 жылғы маусыммен салыстырғанда 2 пайызға артық.

"Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 22,7 пайыз, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқаны - 15,2 пайыз, жемістер мен көкөністерді - 12,6 пайыз, нан және жарма өнімдерін - 7,3 пайыз, қант, шай және дәмдеуіштерді - 2,2 пайызды құрады", - делінген баспасөз айғағында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны