18.08.2010, 15:28 3997

Mazda көлік тізгінінде шыққан ақауға байланысты 215 мың көлікті кері қайтарып алмақ

Жапонияда ауқымы жағынан екінші көлік экспорттаушы болып келетін Mazda Motor Corp. Mazda3 және Mazda5 маркалы 215 мың көлікті кері қайтарып алмақ. Компания өкілдерінің хабарлауынша, мұндай шешім қабылдауға көлік тізгінінде шыққан ақау себеп болған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі РосБизнесКонсалтинг (РБК) РАА сілтеме жасай отырып.

Алматы. 18 - тамыз. Kazakhstan Today - Жапонияда ауқымы жағынан екінші көлік экспорттаушы болып келетін Mazda Motor Corp. Mazda3 және Mazda5 маркалы 215 мың көлікті кері қайтарып алмақ. Компания өкілдерінің хабарлауынша, мұндай шешім қабылдауға көлік тізгінінде шыққан ақау себеп болған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі РосБизнесКонсалтинг (РБК) РАА сілтеме жасай отырып.

Компания өкілдерінің айтуынша, көлік рульнің гидрокүшейткіші кенеттен істен шығуы мүмкін, бұл көлікті жүргізу процессін қиындатады.

Қазіргі уақытта АҚШ автокөлік қозғалысының қауіпсіздігі жөніндегі Ұлттық басқармачына 33 шағым келіп түскен, оның үшеуі көлік апатына себепші болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны