28.12.2016, 19:47 4558

Мәжіліс депутат Мұхтар Тінікеевтіӊ өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды мақұлдады

Онда депутат М.Б. Тінікеев болған оқиға бойынша сайлаушылардан және әріптестерінен кешірім сұрай отырып, Орталық сайлау комиссиясына өкілеттік мерзімін тоқтату туралы ресми түрде өтініш бергенін хабарлады

Астана. 28 желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін депутаттық этика жөніндегі кеӊес отырысы өтіп, депутат Мұхтар Тінікеевтіӊ өтініші қаралды,- деп хабарлайды Мәжіліс аппаратыныӊ баспасөз қызметі.

Онда депутат М.Б. Тінікеев болған оқиға бойынша сайлаушылардан және әріптестерінен кешірім сұрай отырып, Орталық сайлау комиссиясына өкілеттік мерзімін тоқтату туралы ресми түрде өтініш бергенін хабарлады. Кеӊес жағдайды жан-жақты талқылай келіп, депутаттыӊ шешімімен келісті. М. Тінікеев өтінішініӊ толық мәтіні Парламенттіӊ ресми сайтына орналастырылды.

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулинніӊ төрағалығымен Палатаныӊ ағымдағы жылғы соӊғы жалпы отырысы өтті. Күн тәртібіне Мәжіліс депутаты Мұхтар Тінікеевтіӊ өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселе енгізіліп, депутаттық корпус тарапынан қолдау тапты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны