11.12.2006, 18:54 2839

Мәжіліс депутаты Абылқасымов Сәрсенбаев пен Нұрқаділовтың өліміне қатысты ресми дәлел нанарлық деп есептейді

АСТАНА. 11 желтоқсан. Kazakhstan Today. Мәжіліс депутаты Ерасыл Ибілқасымов Алтынбек Сәрсенбаевтың өлімі мен Заманбек Нұрқаділовтың өз -өзін өлтіруіне қатысты ресми дәлел нанарлық деп есептейді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Менің айтарым, біз осы іске қатысты ІІМ жасаған барлық амалдарына қанағаттанамыз",-деді мәжіліс соңынан кейін Е.Абылқасымов. "Ирине, мен тәптіштеп бәрін жария ете алмаймын, бірақ Ибрагимов пен Өтембаевтың кінәларын айғақтайтын дәлелдер сенімді материалдармен көрсетілді",-деді депутат. "Өз басым бұл шындыққа жанасады деп кез-келген жерде айта аламын",-деді ол.

Сонымен қатар, ол "Сәрсенбаевтың өліміне" қатысты сотталғандардың ісінің дәлелденгені туралы мәселені үкімет сағатында өзі көтергенін айтты. "Ирине күдік болды, сондықтанда мен осы мәселені алға тарттым",-дейді депутат.

Е. Ибілқасымов: "Заманбек Нұрқаділовтың өлу процесі егжей тегжейлі айтылды",дейді. "Оқиға орнында жасалған сараптаманың қорытындысы бойынша жасалған ақтық шешімге сәйкес, алдыңғы екі мәрте атылған оқ жүрегіне тимеген, олар жастық қойып атқаннан кейін 9-11 қабырғаларының арасынан өтіп шығып кеткен",-деді Е.Ибілқасымов. "Мен дәрігер ретінде айтарым, алдыңғы екі оқ аса маңызды органдарға тиген жоқ",- деді ол.

Депутаттың пікірінше, "бұл ретте ешқандай сауал да, күдік те жоқ, оқиға егжей-тегжейлі қарастырылған".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны