11.04.2007, 19:22 3568

Мәжіліс депутаты еліміздің мұнай өндіруші өңірлерінде экологиялық проблемалардың қалай шешіліп жатқандығын анықтамақшы

АСТАНА. 11-сәуір. Kazakhstan Today. Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева еліміздің мұнай өндіруші өңірлерінде экологиялық проблемаларды шешу үшін қандай шаралар қолданылып жатқандығын анықтамақшы. Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың атына жолданған осы жөніндегі депутаттық сауалын ол бүгін мәжілістің жалпы отырысында жария етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі. "Мұнай өндіру саласында жұмыс істейтін кәсіпорындардың экологияны ластау проблемалары аса қатер төндіріп, қоршаған орта мен адамдардың денсаулығына зиян келтіруде",- деді Д.Назарбаева.

АСТАНА. 11-сәуір. Kazakhstan Today. Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева еліміздің мұнай өндіруші өңірлерінде экологиялық проблемаларды шешу үшін қандай шаралар қолданылып жатқандығын анықтамақшы. Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың атына жолданған осы жөніндегі депутаттық сауалын ол бүгін мәжілістің жалпы отырысында жария етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Мұнай өндіру саласында жұмыс істейтін кәсіпорындардың экологияны ластау проблемалары аса қатер төндіріп, қоршаған орта мен адамдардың денсаулығына зиян келтіруде",- деді Д.Назарбаева.

БАҚ-тардың ақпаратына сілтеме жасаған депутат Маңғыстау облысының мұнай өндіруші кәсіпорындарына жүргізілген прокурорлық тексерудің нәтижелерін жария етті. "Тексеру қорытындысы бойынша 2005-2006-жылдарда қоршаған ортаны қорғау саласындағы заң бұзуға қатысты 1000-нан астам дерек анықталған, ал 2004-жылы бұл көрсеткіш 100 болған",- деді депутат.

"Мұнай мен газ технологиялық нормаларды бұза отырып, қоршаған ортаға зиянды заттарды тастау арқылы өнеркәсіптік тәсілмен өндірілетін облыстарда онкологиялық және жұқпалы аурулар санының ең жоғары деңгейде өсу дерегін атап өту керек",- деді Д.Назарбаева.

Осыған байланысты депутат үкімет басшысынан мынадай ақпараттарды сұрайды: "қандай ірі өнім өндірушілер 2007-жылы табиғат қорғау шараларына 1 млрд доллардан астам қаржы жұмсамақшы" , "осы орайда экологияны ластау оқиғаларын жоюға қандай шаралар дәл қандай өңірлерде қолданылмақшы", сондай-ақ, "осы істердің аясында бұрыннан келе жатқан "тарихи ластау оқиғалары" (мұнай қалдықтары, топырақ қабатын мазутпен ластау, шикі мұнай тастандылары) жойыла ма?".

Депутат сонымен бірге "ластау зардаптарын жоюға және мұнайгаз, тау-кен-металлургия және энергетика салаларындағы кәсіпорындардың өндіріс технологиясын жаңалауға қандай көлемде қаржы жұмсалады", сондай-ақ, "өнеркәсіптің шикізат өндіру және өңдеу салалары кәсіпорындарында еңбек заңнамасын бұзу оқиғаларын жоюға, еңбек пен еңбек қауіпсіздігін қорғауға қандай шаралар қолданылып жатыр", деген сауалдардың жауабына қызығушылық танытты.

Бұған қоса Д.Назарбаева еңбек және экологиялық заңнама талаптарының сақталуына жауапты жергілікті уәкілетті мекемелердің іс-қызметіндегі кемшіліктерді жою мақсатында үкімет қандай шаралар қолданатындығы және заң бұзу оқиғаларын дер кезінде анықтап жою алмаған мемлекеттік органдардың жетекшілеріне қатысты қандай әкімшілік әсер ету шаралары қолданылағандығы туралы ақпараттан хабардар болудан үмітті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны