24.02.2010, 17:11 3538

Мәжіліс депутаты Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты бөлігінде мемлекеттік шекараны қорғауда күрделі проблемалар туындап отырғанын атап көрсетті

Мәжіліс депутаты Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты бөлігінде мемлекеттік шекараны қорғауда күрделі проблемалар туындап отырғанын атап көрсетті

Астана. 24 ақпан. Kazakhstan Today - Мәжіліс депутаты Нұрлан Ибдіров Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты бөлігінде мемлекеттік шекараны қорғауда күрделі проблемалар туындап отырғанын атап көрсетті. Ол осы жөніндегі депутаттық сауалды бүгін үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың атына жолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Мәжіліс депутаттарынан құралған топтың Маңғыстау облысына жұмыс сапары мен ҚР ҰҚК Шекара қызметінің шекара күзеті бөлімдерін аралау барысында үкімет тарапынан назар аударуды талап ететін күрделі проблемалар туындап отырғаны анықталды", - деді Н. Ибдіров.

Оның айтуынша, Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты бөлігінде мемлекеттік шекараны қорғауда күрделі проблемалар туындап отыр: "Ақтау теңіз айлағында шекара күзетімен шұғылданатын кемелердің базасы орналасатын пункттердің жоқтығы байқалуда, бұл Каспий теңізінің орта және оңтүстік бөлігінде мемлекеттік шекараның қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметінде, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің бөлімшелерін батыс стратегиялық аймақ бағытында қажетті ғимараттармен және орын-жайлармен қамтамасыз етуде қиындықтар тудыруда".

Оның айтуынша, Маңғыстау облысындағы бірқатар әкімдіктер бұрындары шекарашыларға арнап бөлінген ғимараттарды босатуды талап етуде. Сонымен бірге, депутаттың пікірінше, бұл өңірде "шекарашылар жасағы үшін теңіз барқынын жаяу немесе автокөлікпен күзетуді іске асыруда күрделі кедергілер бар. ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қазір Каспий теңізінің жағалауындағы суға тіке шығатын жекелеген учаскелер жеке меншікке сатылып кеткен. Осыған байланысты теңіз барқынында патруль жүргізу мүмкін емес, бұл осы аумақтарды жасырын базалар құру мақсатында пайдалануға мүмкіндіктер тудырып отыр".

Сондай-ақ, депутаттың пікірінше, өңірде жағалау күзеті өңірлік басқармасында кемелер мен катерлер санының аса тапшылығы байқалуда.

"Еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және стратегиялық жоспарды толыққанды жүзеге асыру мүддесіне сай осы проблемаларды шешу үшін лайықты шаралар қолданылуға тиіс деп санаймыз", - деді депутат.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны