27.05.2010, 18:30 3177

Мәжіліс депутаты Қазақстанда түсікпен баланы түсіріп тастауға заңмен тыйым салуды ұсынады

"Балалар - біздің бақытымыз. Н. Назарбаев елімізді 2020 жылға дейінгі дамытудың стратегиялық жоспарында алға қойған міндеттерді шешу үшін белсенді әрі мақсатты демографиялық саясат жүргізу қажет деп атап көрсетті. "Ең алдымен бұл жерде өзіміздің жас мемлекетіміздегі барлық үйлер, барлық отбасы баланың шат күлкісіне көмілуі үшін президенттің үндеуіне бірінші болып ер азаматтар үн қатуы тиіс", - деді депутат.

Астана. 27 мамыр. Kazakhstan Today - Мәжіліс депутаты Иран Елекеев Қазақстанда түсікпен баланы түсіріп тастауға заңмен тыйым салуды ұсынады. Бұл туралы ол бүгін Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің жалпы отырысында Республика премьер-министрі Кәрім Мәсімовке депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Балалар - біздің бақытымыз. Сол себепті сүйкімді сәбилеріміз, сан алуан тамаша балаларымыз көп болған сайын тіптен жақсы. Ұлт көшбасшысының еліміздегі демографиялық өсім туралы алға қойып отырған мақсатына бұл толық сай келеді. Бұл мәселе кешегі Қауіпсіздік кеңесінің отырысында айрықша атап өтілді.

Н. Назарбаев елімізді 2020 жылға дейінгі дамытудың стратегиялық жоспарында алға қойған міндеттерді шешу үшін белсенді әрі мақсатты демографиялық саясат жүргізу қажет деп атап көрсетті", - деді И. Елекеев.

"Осы мақсатта түсікпен баланы түсіруге заңмен тыйым салу дұрыс шығар. Осы көктемде испан әйелдері жаппай ереуілге шығып осыны талап еткен жоқ па? Олар өз елдерінде түсік жасатуға рұқсат беретін заңның қабылдануына қарсы өре тұрды", - деді депутат.

Қазақстанда белсенді әрі мақсатты демографиялық саясат жүргізуге байланысты "басым бағыттар ретінде халық арасында туылуды ынталандыру, жалпы білім беретін және мектепке дейінгі тәлім-тәрбие беру мекемелеріндегі орын тапшылығын қысқарту, өлім көрсеткішін төмендету, соның ішінде ана мен баланың өлімін азайту, отбасы және неке институтын бекіте түсу, Қазақстан халқының ғұмырының ұзақтығын өсіру мақсаттары белгіленді".

"Ең алдымен бұл жерде өзіміздің жас мемлекетіміздегі барлық үйлер, барлық отбасы баланың шат күлкісіне көмілуі үшін президенттің үндеуіне бірінші болып ер азаматтар үн қатуы тиіс", - деді депутат.

Осы орайда депутат Қазақстанда балаларға арналған мекемелердің тапшылығына тоқталып өтті. "Балаларға арналған түрлі мекемелер не себепті құлықсыз салынады? Ал осы уақытта қалаларымыздың әрбір бұрышынан сауда-ойын-сауық орталықтарын қандай шапшаңдықпен және қандай ауқымда тұрғызып жатқанын көріп отырмыз. Балалар ойнайтын алаңқайлар, тегін спорттық секциялар, жас натуралистердің секциялары мен клубтары, тігін және тоқыма дәрістері, түрлі қызығушылықтарға арналған үйірмелер мен бассейндер аса тапшы. Балабақшалар мен бөбектер мекемесі- яслилер не себеппен аз? Кезінде осындай мекемелерді басып алған дөкей ағалар оларды неге босатуға асықпай отыр? Ал сонымен біруақытта қаңырап бос тұрған сарайлар қаншама? Тым болмаса осыларды жазғы және қысқы демалыс кезінде лагерьлер ашу мен балабақшалар үшін неге ғана жалға беруге болмайды?", - деді депутат өз сауалында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны