27.05.2010, 12:19 5825

Мәжіліс депутаты Қазақстанның тұңғыш президентіне Астанада ескерткіш орнатуды ұсынады

Мәжіліс депутаты Қазақстанның тұңғыш президентіне Астанада ескерткіш орнатуды ұсынады

Астана. 27 мамыр. Kazakhstan Today - Мәжіліс депутаты Тито Сыздықов Қазақстанның тұңғыш президентіне Астанада ескерткіш орнатуды ұсынады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Түркия президенті Абдолла Гүл Қазақстанға сапары барысында түркі халықтарының алдында сіңірген ерен еңбегі үшін ҚР президенті Н. Назарбаевтың ескерткіші Анкара қаласының орталығына орнатылатыны туралы мәлімдеме жасады",- деді ол.

"Анкара қаласының орталығында Қазақстанның тәуелсіздігін қалыптастырып, оның орнықты дамуы үшін зор үлес қосқан Н. Назарбаевтың ескеркіші болғанда, Қазақстанның астанасында ҚР тұңғыш президенті Н. Назарбаевтың ескерткіші неге бұрын орнатылмауы керек?",- деп сауал тастады депутат.

"Шындығында осы мәселені парламент депутаттары айқындап, оның дұрыс шешім табуы үшін нақты қадамдар жасауы қажет", деді Т. Сыздықов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны