20.06.2012, 10:51 2827

Мәжіліс депутаты кедейлер үшін кіріс салығын 0%-ға дейін төмендетуді ұсынды

ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Тұрсынбек Өмірзақов Қазақстанда жеке кіріс салығының (ЖКС) прогрессивті мөлшерлемесін және кірістері төмен адамдар үшін 0% мөлшерлемесін енгізуді ұсынды.

Астана. 20-маусым. Kazakhstan Today - Мәжіліс депутаты кедейлер үшін кіріс салығын 0%-ға дейін төмендетуді ұсынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Тұрсынбек Өмірзақов Қазақстанда жеке кіріс салығының (ЖКС) прогрессивті мөлшерлемесін және кірістері төмен адамдар үшін 0% мөлшерлемесін енгізуді ұсынды.

"ЖКС-тің прогрессивті шкаласын енгізіп, кедейлер үшін салық мөлшерлемесін төмендетуді ұсынамын. ЖКС-тің бірінші деңгейін төмендетіп, 10%-дан емес, шетелдегідей 0%-дан бастау керек. 15 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) аз кіріс табатын адамдар үшін салық салудың нольдің мөлшерлемесін пайдалануды ұсынамын", - деді Т. Өмірзақов сәрсенбі күні палатаның пленарлық отырысында депутаттық сауалын жолдай отырып.

Мәжілісмен ЖКС 15-40 АЕК кіріс табатын адамдарға 5% мөлшерлемемен, ал одан көп кіріс табатындарға 10% және одан жоғары мөлшерлемені қолдануды ұсынды.

Депутаттың пікірінше, бұл жалақысы төмен қазақстандықтардың, ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін азаматтардың, бюджеттік сала мен экономиканың нашар дамыған секторларындағы жұмыскерлердің кіріс деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.

Илемнің дамыған елдерінде салық салудың прогрессивті мөлшерлемесі енгізілген. ЖКС кедейлер үшін - 0%, байларға 50%-ға дейін барады.

Т.Өмірзақов 2007жылға дейін Қазақстанда салық салудың 5%-дан 20%-ға дейінгі прогрессивті мөлшерлемесі қолданылғанын еске салды. 2006 жылы мемлекеттік бюджеттің кірістерінде ЖКС-тің үлесі 2011 жылдағыдай 7% құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны