09.09.2009, 11:47 2630

Мәжіліс депутаты мектеп директорларын оқу ордасының қаржылық-шаруашылық қызметінен босату керек деген пікірде

Мәжіліс депутаты мектеп директорларын оқу ордасының қаржылық-шаруашылық қызметінен босату керек деген пікірде

Астана. 9 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мәжіліс депутаты Берік Бекжанов мектеп директорларын оқу ордасының қаржылық-шаруашылық қызметінен босату керек деген пікірде. Бұл туралы ол бүгін палатаның жалпы отырысында республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың атына жолдаған депутаттық сауалында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Мектеп директорларын қаржылық тауқыметтерді шешуден алшақтату керек, директорлар тек тәрбиелік жұмыстармен ғана айналысуға тиіс", - деді депутат. Оның пікірінше, мектеп директорларына қаржылық міндеттерді де жүктеу оларды "сыбайлас жемқорлыққа еріксіз итермелеуде".

"Біз Азаматтық кодекске норма енгізіп, директордың функциясы тек білім беру процессінің тәрбиелік бөлігіне ғана қатысты екенін көрсетуіміз қажет", - деді Б. Бекжанов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны