03.06.2009, 13:16 1298

Мәжіліс депутаты Рогалев Мемлекеттік зейнетақы жинақтаушы қорының таза пайдасы қысқара түскен жағдайда қор басшылығының жалақысының жоғары қалпында қалуын түсіне алмай таңданады

Мәжіліс депутаты Рогалев Мемлекеттік зейнетақы жинақтаушы қорының таза пайдасы қысқара түскен жағдайда қор басшылығының жалақысының жоғары қалпында қалуын түсіне алмай таңданады

Астана. 3 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаты Виктор Рогалев Мемлекеттік зейнетақы жинақтаушы қорының таза пайдасы қысқара түскен жағдайда қор басшылығының жалақысының жоғары қалпында қалуын түсіне алмай таңданады. Ол бұл туралы бүгін мәжілістің жалпы отырысында Есеп комитетінің 2008 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы үкіметтің есебіне қорытынды болып табылатын есебін қарау барысында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Мемлекеттік зейнетақы жинақтаушы қорының төраағсының жалақысы 1 млн теңгеден асады, ал оның орынбасарларының жалақысы - 850 мың теңге. Онымен тынбай, жыл қорытындысы бойынша қордың үш басшысына берілген сыйақының көлемі 770,5 млн теңгені құрады", - деді В. Рогалев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны