Система Orphus

Мәжіліс депутаты С.Абдрахманов іссапармен Қызылорда облысыныӊ Жалағаш ауданында болды

05.07.2017, 08:57 3975

Қызылорда. 5 шілде. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісініӊ депутаты С.Абдрахманов іссапармен Қызылорда облысыныӊ Жалағаш ауданында болды. Ақсу ауылдық округіндегі "Сәрке батыр" шаруа қожалығыныӊ егіс алқабындағы егіншілермен кездесіп, пікір алмасудан басталған кездесу, аудан әкімі аппаратыныӊ мәжіліс залында аудан активімен кездесуге ұласты.

Жиын барысында С.Абдрахманов Ұлт Көшбасшысыныӊ "Болашаққа бағдар:рухани жаӊғыру" мақаласынан туындайтын негізгі міндеттерге тоқталды. Кездесуге аудандық мәслихат депутаттары, кент, ауыл әкімдері, бөлім басшылары, ардагерлер, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Кездесуде аудан әкімі Т.Дүйсебаев Мәӊгілік еліміздіӊ мақсат-мұратын жүзеге асырудыӊ түп негіздерін, рухани жаӊғыруымыздыӊ негізгі бағыттарын айқындап берген ұлт жадыныӊ тұғырнамасы - Елбасымыздыӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" мақаласында көрсетілген міндеттер аясында ауданда жүргізіліп жатқан жұмыстарға, іс-шараларға кеӊінен тоқталды.

Кездесу барысында аудандық қоғамдық кеӊес төрағасы Х.Каметов, кент ардагерлер кеӊесініӊ төрағасы Б.Көштаев сөз алып, өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны