18.10.2006, 10:07 2809

Мәжіліс депутаты Серік Ибдірахманов ОҚО балаларының ВИЧ індетін жұқтыруына нағыз кінәлі шенеуіктерді жазалау мүмкіндігіне сенбейді

ШЫМКЕНТ. 18 қазан. Kazakhstan Today. Мәжіліс депутаты Серік Ибдірахманов Оңтүстік Қазақстан облысы балаларының ВИЧ індетін жұқтыруына нағыз кінәлі шенеуіктерді жазалау мүмкіндігіне сенбейді және қозғалған істер бойынша рақымшылық жариялау қажет деп есептейді. Бұл жөнінде ол Шымкентте өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді,- деп хабарлайды Kazakhstan Todау агенттігінің тілшісі.

Құқық қорғау органдарының жүргізіп жатқан тексеруі барысы туралы журналистердің сауалдарына жауап берген депутат Ерасыл Ибілқасымов халық қалаулыларының тергеушілер тобымен және облыс прокуроры Марат Ахметжановпен кездескендерін хабарлады. Оның айтуынша, облыстық прокурор қылмыстық іс қозғалған адамдардың бәріне , оның ішінде облыстық денсаулық сақтау департаментінің бұрынғы директоры Нұрсұлу Тасмағамбетоваға және ОҚО бойынша медициналық қызмет көрсетуді қадағалау комитетін басқарған оның күйеуіне айып тағылғанын хабарлаған. "Қозғалған 17 қылмыстық істі тексеру аяқталды",-деді Е.Ибілқасымов. "Барлық тергеу амалдары жүргізілді, енді айыпталушылардың іс материалдарымен танысып, сотқа тапсыру қалды",-деді ол.

"Басты кінәлілерді соттап жіберуге біздің күшіміз жетпейді. Түскен табыс , оның ішінде қаңғыбастар мен нашақорлардан алынған қанның ақшасы тым жоғарыға беріліп отырған. Кім көп ұрласа, ол сотталмайды",-дейді С. Ибдірахманов.

"Жағдайды нақты бағалай отырып, мен баспасөз арқылы әділеттіктің сақталуына шақырар едім. Қазіргі кезде тек ұсақ қызметкерлерді- медбикелер мен тазалық қызметкерлерін жауапқа тартады. Егер біз нағыз кінәлілерді жазаға тарта алмасақ, онда бәріне рақымшылық жариялауымыз керек",-деп атап өтті С.Ибдірахманов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны