24.06.2009, 14:05 1349

Мәжіліс депутаты Серікжан Мұқашевтің депутаттық өкілеттілігі мерзімінен бұрын аяқталды

Мәжіліс депутаты Серікжан Мұқашевтің депутаттық өкілеттілігі мерзімінен бұрын аяқталды

Астана. 24 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаты Серікжан Мұқашевтің депутаттық өкілеттілігі мерзімінен бұрын аяқталды. Бұл туралы парламент мәжілісінің бүгін өткен жалпы отырысында ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Бақыт Мелдешевтің айтуынша, мәжіліс депутаты Серікжан Мұқашев депутаттық өкілеттілігін мерзімінен бұрын аяқтау жөнінде өтініш беруге байланысты оның депутат мәртебесіндегі өкілеттілігі 2009 жылдың 1 шілдесінде аяқталады.

Серікжан Мұқашев 1964 жылы 22 сәуірде туған, қазақ.

Білімі жоғары: Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген, заңгер.

Соңғы жұмыс орны: "Нұр Отан" ХДП Төрағасының міндетін атқарушының кеңесшісі.

Өкілеттігінің басталған күні: 2007 жылғы 2 қыркүйек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне
гиперсілтеме жасау міндетті.
«Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны