03.09.2009, 13:19 2710

Мәжіліс депутаты шетелдердегі отандастардың құқығын қорғау қажет деп санайды

Мәжіліс депутаты шетелдердегі отандастардың құқығын қорғау қажет деп санайды

Астана. 3 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мәжіліс депутаты Амангелді Момышев шетелдердегі отандастардың құқығын қорғау қажет деп санайды. Бұл туралы ол Қазақстан Халқы ассамблеясының төрағасы мен Қазақстан сыртқы істер министрінің атына жолдаған депутаттық сауалында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Біз әр министрліктің, сондай-ақ, мәдениет саласының өкілдерінен құралған комиссия құруымыз қажет. Олар шетелдерде тұратын қазақ диаспорасы өкілдерінің жағдайын анықтау үшін тұрақты рейдтер жүргізіп отыруы керек", - деді А. Момышев.

Депутаттың айтуынша, мұндай сауал жолдауға "Замана" газетінде 2009 жылдың 22 маусымында жарияланған мақала түрткі болған. Онда Өзбекстанда қамауда отырған 300 Қазақстан азаматының жайы айтылған.

"Қазір онда 300 қазақ ұсақ-түйек себептермен қамауда отыр. Кейбіреуінде ұсталған кезде құжаттары болмаған. Қазақстаннан олардың сұрауына жауап келгенше олар түрмеде отыра бермек", - деді А. Момышев.

Депутаттың айтуынша, "азаматтардың басым бөлігі онда негізсіз себептермен отыр. Ол жақтан шығу үшін міндетті түрде пара беру керек".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны