23.09.2009, 17:14 3165

Мәжіліс депутаты соңғы кездері еліміздегі бензин мен дизельдік жағармай бағасының күрт өсуіне қатысты мәселе көтерді

Мәжіліс депутаты соңғы кездері еліміздегі бензин мен дизельдік жағармай бағасының күрт өсуіне қатысты мәселе көтерді

Астана. 23 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен өткен жалпы отырыста мәжіліс депутаты Ерзат Илзақов Энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаевқа жолдаған депутаттық сауалында соңғы кездері еліміздегі бензин мен дизельдік жағармай бағасының күрт өсіп бара жатуына қатысты мәселе көтерді, деп хабарлайды Kazakhstan Today мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, депутат өз сауалында былай дейді: "Былтыр 2008 жылдың шілде айында мұнайдың бір баррельге шаққандағы бағамы 147 АҚШ долларын құраған болатын. Сол аралықта елімізде ішкі нарықта бензиннің бағасы 120 теңгеге дейін көтерілген еді. Осы соңғы айда әлемдік мұнай биржаларында мұнайдың 1 баррельге шаққандағы бағамы 67,44 (-0,25) АҚШ доллары мен - 68,86 (-0,43) доллар аралығын құрап отырғандығы бәрімізге белгілі. Яғни ол былтырғымен салыстырғанда әлдеқайда төмен деп айтуға толық негіз бар".

Депутаттың мәліметінше, "ал қазіргі еліміздегі жанар- жағармай бекеттеріндегі бензин мен дизель жағармайының бағаларын қарайтын болсақ, бензин бағасы күні бүгін 90 теңгеге жетіп жығылады. Бензин бағасын қазіргі баррельдің бағамымен есептейтін болсақ өте қымбат бағаны көрсетіп тұрғанын аңғару қиын емес. Неліктен себепсіз жанар жағар май бағасы өсуде деген сұраққа жауап іздесек, бірқатар ішкі нарықта доминант емес жанар жағар май бекеттері өкілдерінің берген жауабы "ішкі нарықта жанар жағар май тапшы" деп, нәтижесінде бағаны көтеруге мәжбүр екендіктерін алға тартады. Сонымен қатар бензинді 2010 жылдың 1-ші қаңтарына дейін, дизель жағар майын 2009 жылдың 1-ші қарашасына дейін экспорттауға тиым салу жөніндегі Үкіметтің қаулысына дейін еліміздегі мұнай өңдеу зауыттары мен компаниялары ішкі нарықтан гөрі сыртқы нарыққа экспорттау арқылы көбірек пайда тауып жүргендіктен бензин мен дизель жағар майын жасанды жолмен тапшы қылып, ішкі нарыққа сатуға құлықсыздық танытып отыр".

"Осының салдарынан ішкі нарықта азық-түлік пен түрлі тұрмысқа қажетті заттардың бағасының, жол ақысының күрт өсуі әбден мүмкін. Сонымен қатар қазіргі дихандардың да өз өнімдерін үстеме бағамен сатуға мәжбүрлейді",- дейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны