12.09.2007, 15:58 2820

Мәжіліс депутаттары гептилдің адам денсаулығына қандай әсер ететіндігін білгілері келеді

Мәжіліс депутаттары гептилдің адам денсаулығына қандай әсер ететіндігін білгілері келеді.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 12 қыркүйек. АСТАНА. Парламент мәжілісінің депутаттары Қазақстан аумағында "Протон" зымыран тасымалдағышының құлауының салдарынан ауа мен топыраққа сіңген гептилдің адам денсаулығына қандай әсер ететіндігін білгілері келеді, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

"1999 жылдың қазаны мен маусымдағы екі апаттан кейін Денсаулық сақтау министрлігі гептилдің тұрғындардың денсаулығына тигізетін әсерін зерделеуге шешім қабылдаған болатын. Бірақ ол өз нәтижесін бермеген",- деді сәрсенбіде палатаның жалпы отырысында мәжілістің экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің төрағасы Ерлан Нығматулин елдің премьер-министріне жолдаған депутаттық сауалды оқи отырып. "Осы зерттеуді аяқтау қажет деп санаймыз",- деді ол.

"Бізді мұның бірінше рет емес екендігі алаңдатады, бұл оқиға жүйелі сипат ала бастады",- деп атап көрсетті депутат.

Сонымен қатар, өзінің үкімет басшысан қойған сұрағында депутат дамыған елдерде қолданылатын әдістемеге сәйкес есептеу экономикалық және экологиялық шығынды есептеудің қазақстандық әдістеме қаншалықты сай келетіндігін; Қазақстан ұшырылымдарға мониторинг жүзеге асыра ма дегенді; зымырандардың жарамдалығы мен оның ұшуға дайындығына жүргізілетін тексеру қаншалықты толық жүргізілетіндігін түсіндіруді сұрады.

Депутаттар сондай-ақ үкіметтік комиссияның "Протон-М" зымыран тасымалдағышының құлауынан келген экономикалық және экологиялық шығын жөніндегі жүргізілген зерттеу нәтижелері туралы хабарлап тұруларын сұрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны