08.09.2016, 15:11 3921

Мәжіліс депутаттары жол жүру ережелерініӊ кейбір талаптары бойынша айыппұл көлемін азайтуды ұсынды

Соӊғы 15 жылда кейбiр айыппұлдардыӊ көлемi 25 есеге артқан, ал халық табысы тек 7 есеге көбейген. 2001 жылдан берi айыппұл көлемi 15 мыӊ теӊгеден 396 мыӊ теӊгеге артқан

Астана. 8 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мәжiлiс депутаты Мұхтар Тiнiкеев төменгi палатада өткен "Жол жүрiсi туралы" ҚР Заӊына өзгерiстер енгiзу туралы" заӊ жобасы бойынша жұмыс тобыныӊ отырысында көлiк жүргiзушiлерiне салынатын айыппұл көлемiн азайтуды ұсынды.

"Көрiнбейтiн немесе стандарт талаптарына сай емес орнатылған көлiктердiӊ мемлекеттiк тiркеу нөмiр белгiлерi үшiн салынатын айыппұл көлемiн бес айлық есептiк көрсеткiштен үш АЕК-ке азайту керек. Бас прокуратураныӊ департамент басшысы Исет Тендалиевтiӊ мәлiметiне сүйенсек, экономикалық жағдайға байланысты халық табысы азайған. Соӊғы 15 жылда кейбiр айыппұлдардыӊ көлемi 25 есеге артқан, ал халық табысы тек 7 есеге көбейген. 2001 жылдан берi айыппұл көлемi 15 мыӊ теӊгеден 396 мыӊ теӊгеге артқан. Ал орташа айлық жалақы көлемi 17 мыӊ теӊгеден 124 мыӊ теӊгеге дейiн көбейген. Жыл сайын есептiк көрсеткiштер өзгере бередi, ал еӊбекақы сол күйiнде қалып отыр", - дедi депутат.

Халық қалаулысыныӊ айтуынша, 2016 жылдыӊ 6 айында 389 мыӊ 374 құжат өндiрiске түстi. Олардыӊ iшiнде 3,8 млрд теӊге 210 мыӊ 237 мыӊ құжат орындалды.

"МАИ қызметкерлерi не үшiн айыппұл салады? 828 мыӊ 900 азаматқа МАИ қызметкерлерi айыппұл салған. Бұл оқиға орнында ақша бергендердi есептемегенде... IIМ министрi соӊғы үш жылда жол ережесiн бұзушылықтар азайды дейдi. Бұл азайғандық емес, бұл сол жерде пара беру. Сондықтан, айыппұл көлемiн азайтуды немесе мүлдем алып тастауды ұсынамын", - дедi М.Тiнiкеев.

Халық қалаулысы көлiктегi нөмiр белгiлерi көрiнбей қалса, үлкен айыппұл салмас бұрын жолдардыӊ сапасына назар аудару керек дедi.

Сондай-ақ, депутат Омархан Өксiкбаев жол айрықтары мен жолды кесу ережелерiн бұзғандарға салынатын айыппұл да 5 айлық есептiк көрсеткiштен 3 АЕК-ке дейiн азаюы керек деп есептейдi.

Бүгiн қарастырылған заӊ жобасы бойынша ҚР "Жол жүрiсi туралы" және Икiмшiлiк құқықбұзушылықтар туралы кодекстiӊ бiрқатар нормасына 15 түзету енгiзу көзделген. Заӊ жобасында негiзiнен жол жүру құқығын бұзу ережесiне қатысты кейбiр нормаларды жұмсарту мен айыппұлдарға қатысты мәселелер қаралуда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны