15.01.2014, 19:21 6118

Мәжіліс мемлекеттік жастар саясаты туралы заң жұмысын қарастырады

Жалпы отырыста сөз алған Илеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева заң жобасы еліміздің негізгі стратегиялық құжатымен үндесетінін атап өтті. Оны қабылдау жастардың құқығын жүзеге асыруға кепілдік беретін заңнамалық базаны күшейтуге мүмкіндік береді.

Алматы. 15 қаңтар. Kazakhstan today. Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста Мәжіліс"Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" заң жобасын жұмысқа алды, деп Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

Жалпы отырыста сөз алған Илеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева заң жобасы еліміздің негізгі стратегиялық құжатымен үндесетінін атап өтті. Оны қабылдау жастардың құқығын жүзеге асыруға кепілдік беретін заңнамалық базаны күшейтуге мүмкіндік береді.

Заң жобасында жас отбасылар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз ету, қолжетімді және сапалы білім беру мен жастардың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз ету сияқты жастардың әлеуметтік проблемаларын шешу көзделеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны