02.09.2007, 13:54 3274

Мәжіліс палатаның салалық комитеттерінің саны мен атауларын өзгеріссіз қалдырды

Парламент мәжілісі палатаның салалық комитеттерінің саны мен атауларын өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 2 қыркүйек. АСТАНА. Парламент мәжілісі палатаның салалық комитеттерінің саны мен атауларын өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Атап айтсақ, бүгін өткен палатаның жалпы отырысында шешілгеніндей, мәжілісте бұрынғыдай заң және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитеті , экономикалық реформалар және аймақтық даму жөніндегі комитеті, қаржы және бюджет жөніндегі комитеті , халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитеті, ауылшаруашылығы комитеті, әлеуметтік-мәдени даму комитеті, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі комитеті жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта жалпы отырыста комитеттерді басқарушыларды тағайындау мәселесі жалпы дауыс беру арқылы шешіліп жатыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны