01.03.2018, 14:59 4760

Мәжілісте ардагерлерді әлеуметтік қорғау мәселелері талқыға салынды

ҰОС мүгедектеріне теӊестірілген тұлғаларға 100 113 теӊге жиынтықты әлеуметтік төлем беріледі: зейнетақы - 66 681, базалық зейнетақы - 15 274, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы - 18 158 теӊге

Астана. 1 наурыз. Kazakhstan Today - Мәжіліс депутаттары, ардагерлік ұйымдармен бірлесіп, ардагерлерді әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша Ұсынымдар түзді.

Мәжілісте палатаныӊ Илеуметтік-мәдени даму комитетініӊ "Нұр Отан" партиясы фракциясыныӊ Илеуметтік кеӊесімен бірлескен отырысы өтіп, онда Ұлы Отан соғысыныӊ қатысушылары мен мүгедектеріне теӊестірілген тұлғаларға әлеуметтік кепілдіктер ұсыну мәселелері талқыға салынды.

Іс-шараны ҚР Парламенті Мәжілісініӊ депутаты, Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарыныӊ "Қазақстан ардагері" Қауымдастығыныӊ Төрағасы Бақытбек Смағұл ұйымдастырды.

Отырыс жұмысына Мәжіліс депутаттары - "Нұр Отан" партиясы фракциясыныӊ және өзге де парламенттік фракциялардыӊ мүшелері, Ауған соғысы және басқа да жергілікті қақтығыстарға қатысушы ардагерлер, ардагерлердіӊ қоғамдық ұйымдарыныӊ жетекшілері, бірқатар министрліктер мен ведомстволардыӊ басшылығы қатысты.

Күн тәртібі бойынша депутат, Мәжілістіӊ Илеуметтік-мәдени даму комитетініӊ мүшесі Бақытбек Смағұл негізгі баяндама жасады. Қалаулыныӊ айтуынша, Қазақстанда Ауған соғысына қатысқан азаматтардыӊ қазіргі жалпы саны 19 мыӊдай адамды құрайды. Бүгінде олардыӊ көбі Тәуелсіздігімізді тұғырлы, мемлекеттілігімізді мәӊгілік ғұмырлы етуге өз үлестерін қосуда. Сарбаздар мен сардарларды, жас жеткіншектерді ерлікке баулып, патриоттық тәрбие беруде ауған соғысы ардагерлерініӊ көбі алдыӊғы қатарда жүр.

Баршаға белгілі, ардагерлік ұйымдар жұмысыныӊ басты бағыттарыныӊ бірі өскелеӊ ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру, бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ Ауған соғысына және басқа да жергілікті қақтығыстарға қатысушы ардагерлердіӊ медициналық, әлеуметтік қорғалуына жәрдем көрсету болып табылады.

Бұл ретте "Қазақстан ардагерлері" Қауымдастығында тиімді өзара іс-қимылдыӊ оӊ тәжірибесі жинақталған, сонымен бірге ол орталық деӊгейде де, жергілікті жерлерде де қоғамдық ұйымдардыӊ күш-жігерлерін топтастыру және үйлестіруде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді.

Осы орайда Б.Смағұл интернационалист жауынгерлердіӊ барлық ардагерлік ұйымдарыныӊ ортақ өтініш-тілектерін, сондай-ақ азаматтық қоғамныӊ заманауи даму шарттарын ескере отырып, ардагерлерді әлеуметтік қорғаудыӊ көкейкесті мәселелеріне тоқталды. Сонымен қатар ол ардагерлік ұйымдардыӊ ұсыныстарын жария етті.

"Біріншіден, қазіргі аумалы-төкпелі заманда, қарқынды өзгерістер дәуірінде жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүйелі негізде жүргізу қажет. Біз осы мақсатта ардагерлік ұйымдардыӊ әлеуетін қазіргіден де кеӊірек пайдалануымыз керек деп санаймыз. Екіншіден, барлық мектептерге, кәсіби-техникалық колледждерге және жоғарғы оқу орындарына әрбір ардагерді бекіту бойынша бұдан бұрын басталған жұмысты аяқтауымыз қажет. Үшіншіден, жергілікті билік органдарымен бірге әрбір өӊірде жазғы маусымда әскери-патриоттық орталықтар, яғни жазғы лагерлер ашу мүмкіндігі қарастырылуы керек", - деді Б.Смағұл.

Бұдан басқа, кешенді түрде қарауды талап ететін бірқатар шараларды пысықтаудыӊ қажеттілігі пісіп-жетілді.

БІРІНШІСІ. Ардагерлік қозғалыстардыӊ күш-жігерін біріктіру үшін барлық мүдделі тараптардыӊ ұстаным-позицияларын ескере отырып, ортақ Ардагерлік ұйымдар қызметініӊ Тұжырымдамасын әзірлеген жөн.

ЕКІНШІСІ. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында әскери-патриоттық сипаттағы іс-шараларды қаржыландыруды қарастыруы керек.

ҮШІНШІСІ. Қазақстан Үкіметініӊ қаулысы деӊгейінде келесі жылы Ауғанстаннан кеӊес әскерлерініӊ шығарылуыныӊ 30 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарын бекіту ұсынылды.

Бұл бастаманыӊ өзектілігі бар. Биыл АҚШ-қа сапары аясында Елбасы Ауғанстандағы ахуалды тұрақтандыру, Орталық Азияныӊ қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін көтерді. Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетуде, өӊірдегі экономикалық ынтымақтастықты кеӊейтіп, бұл процеске осы елді ықпалдастыруға ұмтылуда. Ауғандық жастар отандық жоғарғы оқу орындарында ғылым мен мамандықты игеруде. Біздіӊ еліміз БҰҰ, Шанхай ынтымақтастығы ұйымы және Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы аясында Ауғанстанныӊ проблемаларын реттеу мәселелеріне белсене қатысады. Еліміз 30 жылдық мерейтойға арналған іс-шаралар жоспары аясында халықаралық қоғамдастықтыӊ назарын осы тақырыпқа аудару және Қазақстанныӊ бұл бағыттағы күш-жігерлерін өзге елдерге насихаттау мүмкіндігіне ие болады.

"Біз ауған соғысы және жергілікті қақтығыстарға қатысушы ардагерлердіӊ еӊ өткір проблемаларыныӊ шешілуі ардагерлердіӊ халықпен мақсатты жұмысына ізгі ықпал етіп, тыӊ серпін береді деген сенімдеміз. Бұл жұмыс өз кезегінде ортақ іске - жас ұрпақтыӊ санасын жаӊғыртуға ардагерлік ұйымдар тарапынан қосылар қомақты үлеске айналады. Ауған соғысы ардагерлерініӊ ұйымдары намыс пен парыз қағидаттарын басшылыққа ала отырып, сыртқы қатерлерден елді қорғаудыӊ әрдайым алдыӊғы шебінде болатынын атап өткім келеді. Біздіӊ жауынгерлердіӊ әрқайсысы қаһарман халқымызға тән қажырлылық пен қайсарлық, батылдық пен жігерлілік секілді асыл қасиеттерді паш етіп, тағылым-өнеге көрсетуге кез келген уақытта дайын", - деп түйді Бақытбек Смағұл.

Отырыс барысында ардагерлердіӊ денсаулығын қорғау, зейнетақымен қамсыздандыру, сондай-ақ баспана мәселелерін шешу бойынша Министрлік қабылдап жатқан шаралар туралы Еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова баядады.

Оныӊ мәліметінше, 2018 жылғы 1 қаӊтардағы жағдай бойынша Ауған ардагерлеріне, соныӊ ішінде Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теӊестірілген тұлғаларға орташа есеппен 128 333 теӊге көлемінде жиынтықты әлеуметтік төлем төленеді. Оныӊ ішінде жасы бойынша зейнетақыныӊ орташа мөлшері - 98 172 теӊге, базалық зейнетақы - 15 274, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы - 14 887 тенге.

Ал ҰОС мүгедектеріне теӊестірілген тұлғаларға 100 113 теӊге жиынтықты әлеуметтік төлем беріледі: зейнетақы - 66 681, базалық зейнетақы - 15 274, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы - 18 158 теӊге.

Өз баяндамасында Қазақстан Қарулы күштері Бас штабы бастығыныӊ орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов қорғаныс ведомствосы интернационалист жауынгерлердіӊ барлық қоғамдық ұйымдарымен, соныӊ ішінде Бақытбек Смағұл басқаратын "Қазақстан ардагерлері" Қауымдастығымен тығыз ынтымақтастық құрып, бірлескен жұмыс жүргізіп жатқанын жеткізді.

"Ардагерлер ұйымдарымен бірлескен қызметті үйлестіру және Отан қорғаушылардыӊ ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету маӊызды міндет болып табылады. Осы мақсатта Қорғаныс министрлігінде Қарулы Күштер ардагерлерімен жұмыс жөніндегі арнаулы бөлім құрылды", - деді М.Таласов.

Бұдан бөлек, Қорғаныс министрлігі Ауған соғысыныӊ алыбы, полковник Борис Керімбаев атындағы Қорғаныс министрініӊ ауыспалы жалаушасын ("переходящий вымпел") тағайындады. Бұл марапат оқу жылындағы жауынгерлік сайыс қорытындысы бойынша Қазақстан Қарулы күштерініӊ арнайы мақсаттағы үздік барлау бөлімшесіне салтанатты түрде табысталып отырады.

Сонымен қатар, М.Таласов Қорғаныс министрлігі "Ұлы Отан соғысыныӊ қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теӊестірілген адамдарға берілетін жеӊілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заӊына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсынысты қолдайтынын және арнаулы жұмыс тобыныӊ жұмысына жан-жақты көмек көрсетуге әзір екенін хабарлады.

Сонымен бірге, Қорғаныс министрлігі арнаулы төс белгісін шығара отырып, Кеӊес әскерлерініӊ Ауғанстаннан әкетілген күнін, яғни 15 ақпанды мерекелік күн, "Өзге мемлекеттер аумағында әскери іс-қимылдарға қатысқан қазақстандық жауынгер күні" деп белгілеу ұсынысын да қолдайды.

Ардагерлер ұйымдары көтерген мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар түзу үшін Еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арнаулы жұмыс тобын құрды. Оныӊ құрамына Мәжіліс депутаттары, ардагерлердіӊ қоғамдық ұйымдарыныӊ өкілдері (Ш.А.Өтегенов, К.М.Елубаев), сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдар өкілдері кірді.

Барлық баяндамалар тыӊдалып, сұрақ-жауап рәсімі аяқталған соӊ, комитет отырысы қорытындысы бойынша тиісті Ұсынымдар қабылданды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны