26.12.2008, 10:10 8649

Мәжілісте "Білім туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" жаңа заң жобасы талқыға салынды

Мәжілісте "Білім туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" жаңа заң жобасы талқыға салынды

Астана. 26 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Мәжілісте кеше "Қазақстандық білім беруді әлемдік стандарттарға жақындату" атты "Нұр Отан" ХДП-ның бағдарламалық ұстанымын іске асыру мақсатында өткен дөңгелек үстелде "Білім туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" жаңа заң жобасы талқыға салынды, деп хабарлайды агенттік тілшісі мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәжілістің Илеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Динар Нөкетаева кіріспе сөз сөйледі. Бүгінгі дөңгелек үстелді өткізудің қажеттігілігі - сапалы білім беру қызметін ұсыну, азаматтардың білімділігі мен олардың қабілеттілігін дамытуды ынталандыру, өскелең ұрпақты отансүйгіштік пен гуманистік рухта тәрбиелеу. Бұл - біздің еліміздегі мемлекет қызметінің ең басым бағыттарының бірі.

Қазіргі кезде еліміздің саяси, экономикалық және мәдени бағыттардағы ілгерілей қарышты дамуы "Білім туралы" заңға тиісті түзетулер енгізуді қажет етіп отыр.

Осыған орай ұсынылып отырған заң жобасының кейбір оң тұстарын атап өту керек. "Бірінші президенттің 20 зияткерлік мектебі" жобасын іске асырудың құқықтық базасын белгілеу, оқушыларға шәкіртақы және оған қосымша ақы төлеу мөлшерін, мемлекеттік мекемелердің өз қызметінде биік көрсікіштерге жеткені үшін алатын гранттарды пайдалану тәртібін, сонымен қатар білім алу кезеңінде әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтар санатының тізбесін белгілеу мәселелерін реттейтін бірнеше нормалары енгізіледі.

"Оқытуышылардың жалақысының аздығы, әлеуметтік қорғалмауы педагогтық еңбектің құнсыздануына алып келді. Республиканың көптеген мектептерінде мұғалімдер, жаңа буынды оқулықтар жетіспейді, кейбір мұғалімдер өз білімдеріне сәйкес жұмыс істемейді, білім деңгейлері төмен, қазіргі заманның талабына сай емес. Шығарылған оқулықтардың мазмұны мен сапасы жақсартылуды қажет ететіндігі, мектептердің материалды-техникалық, компьютерлік жарақталуы төмендігі, ұдайы бюджеттік қаржының жетіспеуі орын алып отыр. Міне, бұлар мектептерде қалыптасқан проблемалардың толық тізімі емес. Осыған орай заң жобасы түпкілікті пысықтауды қажет етеді деп есептеймін",- деді комитет төрайымы Д.Нөкетева.

Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Фархад Қуанғанов "Жаңа заң жобасы - білім беру қызметін құқықтық қамтамасыз ету сапасын одан әрі арттырудың шарасы" деген тақырыпта баяндама жасады. Депутаттардың сұрақтарын жауап берді.

Баяндамашының айтуынша, заң жобасын қабылдау мектептің материалдық-техникалық базасын қосымша нығайтуға, яғни, оқу шеберханалық, оқу-зертханалық жабдық, пәндік кабинеттерін жабдықтауға, алты жастағы балалардың мектепте оқуы үшін денсаулығын сақтау жағдайларын жасауға мүмкіндік береді.

Пікірталас кезінде мәжіліс депутаттары заң жобасында барлық деңгейдегі педагогтардың мәртебесін көтеру және олардың әлеуметтік қорғалуы, педагогтардың еңбекке деген ынтасын, қазіргі талаптарға сәйкес педагог кадрларын дайындаудың сапасын арттыру, білім беруді, білім беру бағдарламаларын, оқулықтардың мазмұнын жақсарту нормалары қарастырылуы қажеттігін айтты. Сондай-ақ білім беру мекемелерін білікті педагог кадрлармен қамтамасыз ету, материалды-техникалық базамен жабдықтау, педагогтардың лауазымды жалақысына қосымша ынталандыру төлемдерін белгілеуде, сыйақы тағайындау мен материалдық көмек көрсетуде мемлекеттік білім беру ұйымдарының өкілеттігін кеңейтуді ұсынды. Сонымен бірге жергілікті жерлерде білім беру нысандарын бақылаусыз жекешелендіруді болғызбау мәселелерін реттейтін нормалар болуы қажет деп есептейді.

Қазіргі уақытта заң жобасы бойынша мәжіліс депутаттарының түзетулері енгізілген салыстырмалы кесте дайындалған. Алғашқы салыстырмалы кестеге 120-дан астам түзету енгізілген. Оның көбісі тұжырымдылық сипатта. Депуттардан заң жобасына көптеген ұсыныстар әлі де түсіп жатыр. Барлық ұсыныстар депутат Раиса Полищук жетекшілік ететін жұмыс тобының отырыстарында қаралады және жұмыс барысында олар бойынша келісімді де тиісті шешім қабылданады.

Бұл басқосуға мәжіліс депутаттары, заң жобасы бойынша жұмыс тобының мүшелелері, Білім және ғылым министрлігінің жауапты қызметкерлері, республиканың білім беру үйымдарының басшылары мен өкілдері, мәжілістің "Нұр Отан" ХДП-ның фракциясы аппаратының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны