29.01.2015, 16:52 4505

Мәжілісте Қазақстан Азаматтық процессуалдық кодексініӊ жобасы таныстырылды

ҚР парламенті Мәжілісінде Қазақстан Азаматтық процессуалдық кодексініӊ (АПК) жобасы таныстырылды. АПК-ні ҚР Жоғарғы соты әзірледі

Астана. 28 қаӊтар. Kazakhstan Today - ҚР парламенті Мәжілісінде Қазақстан Азаматтық процессуалдық кодексініӊ (АПК) жобасы таныстырылды. АПК-ні ҚР Жоғарғы соты әзірледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Жаӊа АПК-ні қабылдау қажеттігі қазіргі уақыттыӊ талаптарынан туындап отыр, себебі қолданыстағы кодекс нарықтық қатынастар қалыптаса бастаған кезеӊде 1999 жылы қабылданған болатын. Қолданыстағы АПК-ніӊ негізгі міндеті мен мақсаты нарықтық қатынастарды қалыптастыру және шетелдік инвестицияларды тарту болған. Дегенмен, экономикалық қарым-қатынастыӊ одан әрі дамуы, шетелдік инвестициялардыӊ ағымы мен ақпараттық технологиялардыӊ дамуы заӊнаманы өзгертуді қажет ететіні анық", - деді отырыс барысында Заӊнама және сот-құқықтық реформа комитетініӊ төрағасы Рахмет Мұқашев, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны