17.06.2009, 11:14 1399

Мәжілістің бір топ депутаты мемлекеттік қызметке жұмысқа қабылдауға жарияланған мораторийді алып тастауды ұсынады

Мәжілістің бір топ депутаты мемлекеттік қызметке жұмысқа қабылдауға жарияланған мораторийді алып тастауды ұсынады

Астана. 17 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мәжілістің бір топ депутаты мемлекеттік қызметке жұмысқа қабылдауға жарияланған мораторийді алып тастауды ұсынады. Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутат Мұрат Ибенов Қазақстан үкімет басшысының атына жолдаған осындай депутаттық сауалын жария етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Бірінші сәуірден бастап мемлекеттік қызметке қабылдауға мораторий енгізілді. Осы орайда мемлекеттік қызметтегі 8 мың жұмыс орнының 7 мыңы өңірлердің үлесінде. Өздеріңіз білесіздер, біз дағдарысқа қарсы бағдарламаны жүзеге асырып жатырмыз, ал ол негізінен өңірлерде іске асырылуда, өзін-өзі басқару туралы заңды қабылдадық, сансыз жобалар мен бағдарламалар бар. Ал биыл "Болашақ" бағдарламасы бойынша бітірушілер саны ең көп болмақ, 180 мың түлек жоғары оқу орындарын бітірді, оның 26 мыңы гранттар мен несиелерге оқыған", - деді М. Ибенов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны