03.09.2007, 15:27 6134

Мәжілістің экс-депутаты Жалыбин Қостанай облысының әділет департаментін басқаратын болды

Парламент мәжілісінің екінші және үшінші шақырылым депутаты Сергей Жалыбин Қостанай облысының әділет департаментін бастығы болып тағайындалды.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 3 қыркүйек. ҚОСТАНАЙ. Парламент мәжілісінің екінші және үшінші шақырылым депутаты Сергей Жалыбин Қостанай облысының әділет департаментін бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

Сергей Жалыбиннің заңтану саласындағы жұмыс өтілі 34 жыл. Мәжіліс депутаты болардың алдында ол Заңнама және сот-құқықтық реформа жөніндегі комитетті басқарған. Оның төрағалығымен жүзге жуық заң актілері мен түзетулер әзірленіп, мақұлданған.

Иділет департаментінің басшысы лауазымына тағайындалған Сергей Жалыбин өз алдына жаңа міндеттер қойды: "ұлттық реестрлер енгізу жөніндегі жұмыстар жүріп жатыр. Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы жұмысты реттеу керек".

Сергей Жалыбин мамандарды өзгертуге уәде берген жоқ. Ең бастысы, оның айтуынша, әділет департаментінің оған жүктелген міндеттердің барлығын орындап шығуы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны