11.12.2007, 09:59 1663

Мәжілістің қоғамдық палатасы жыл соңына дейін ЕҚЫҰ-мен бірлесе отырып бірқатар заң жобаларын талқылауды жоспарлап отыр

Мәжілістің қоғамдық палатасы жыл соңына дейін ЕҚЫҰ-мен бірлесе отырып бірқатар заң жобаларын талқылауды жоспарлап отыр

Астана. 11-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Мәжілістің қоғамдық палатасы жыл соңына дейін ЕҚЫҰ-мен бірлесе бірқатар заң жобаларын талқылауды жоспарлап отыр. Дүйсенбі күні өткен Қоғамдық палата кеңесінің отырысы барысында осындай шешім қабылданды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Үстіміздегі жылдың соңына дейін Қоғамдық палата мен ЕҚЫҰ аясында "Тұтқындау түріндегі кідірту шарасын қолдану мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" және "Кәсіби заңдық көмекті қамтамасыз ету мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобаларын талқылау бойынша семинар ұйымдастыру жоспарланып отыр", - деп хабарлайды баспасөз қызметіндегілер.

Палата отырысында сондай-ақ, "Қазақстанның ЕҚЫҰ-на 2010 жылы төрағалық етуіне үлкен сенім көрсетілуіне байланысты сайлау заңнамасы және саяси партиялардың қызметі мәселелеріндегі заңнамалық жұмыстарды жандандыру керек", - деп көрсетілді.

"Кеңес мүшелері олардың тарапынан Қазақстан осы жауапты халықаралық міндетті табысты іске асыруы үшін қолдан келгеннің бәрі жасалатыны жөнінде келісті", - деп көрсетілген хабарламада.

Отырыс барысында Қоғамдық палата мүшелері төртінші шақырылымдағы парламент мәжілісінің бірінші сессиясы кезіндегі жұмыс жоспарын бекітті. Атап айтқанда, жоспарға кеңестің тұрғын үй және коммуналдық мәселелер бойынша кеңейтілген көшпелі отырысын Ақмола облысында өткізу енгізілген. 2008 жылдың алғашқы жартыжылдығында Талдықорғанда Қоғамдық палатаның көшпелі отырысын және палата мүшелерінің қатысуымен Ақтөбе қаласында "дөңгелек үстел" өткізу жоспарланған.

Кеңес мүшелері палата талқылайтын салаларды анықтады. Атап айтқанда, бұлар "кәсіби заңдық көмекпен қамтамасыз ету, тұрғын үй мен коммуналдық салаларды дамыту, халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі, неке және отбасы, жеке кәсіпкерлік, Қазақстан халқының ассамблеясы және басқа да мәселелер".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны