02.09.2007, 14:08 3199

Мәжілістің тұрақты комитеттерінің төрағалары сайланды

Бүгін парламенттің осы сессиясындағы мәжілістің бірінші жалпы отырысында палатаның тұрақты комитеттерінің төрағалары сайланды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 2 қыркүйек. АСТАНА. Бүгін парламенттің осы сессиясындағы мәжілістің бірінші жалпы отырысында палатаның тұрақты комитеттерінің төрағалары сайланды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Атап айтсақ, мәжілістің заң және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитетінің төрағасы болып Серік Баймағамбетов , экономикалық реформалар және аймақтық даму жөніндегі комитетінің төрағасы болып Владимир Бобров , қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің төрайымы болып Гүлжан Қарағұсова , халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің төрағасы болып Нұрбақ Рүстемов, ауылшаруашылығы комитетінің төрағасы болып Ромин Мадинов, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы болып Жақсылық Досқалиев, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі комитетінің төрағасы болып Ерлан Нығматулин сайланды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны