22.12.2015, 11:35 3863

Мазут бензин болып шықты

Павлодар шекара отрядыныӊ "Шарбақты авто" көліктік-шекаралық бақылау бөлімшесінде кеше, кешкі сағат 20.22-де елімізден Ресейге қарай цистерна тіркемелі "Дзефанг" автокөлігімен кетіп бара жатқан 49 жастағы қазақстандық азамат ұсталды.

Астана. 22 желтоқсан. Kazakhstan Today - Павлодар шекара отрядыныӊ "Шарбақты авто" көліктік-шекаралық бақылау бөлімшесінде кеше, кешкі сағат 20.22-де елімізден Ресейге қарай цистерна тіркемелі "Дзефанг" автокөлігімен кетіп бара жатқан 49 жастағы қазақстандық азамат ұсталды. Ұсталу себебі - оныӊ жүгі құжат бойынша - 20 тонна мазут деп көрсетілген. Тексеру барысында оныӊ алып бара жатқаны мазут емес, бензин екендігі анықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ұсталған азамат жүгімен бірге Шарбақты ауылындағы ішкі істер бөліміне тапсырылды.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны