02.10.2020, 21:36 9081

Медеу ауданының жарықтандырылуы мен эстетикалық көрінісі қалай жақсарады

Медеу ауданында есеп беру кезеңінде 17 918 жарық нүктелері бойынша қызмет көрсету жұмыстары жүргізілді, желілердің ұзындығы - 457,6 км. Мердігер ұйым Достық даңғылы бойымен Әл-Фараби даңғылынан "Медеу"мұз айдынына дейін сыртқы жарықтандыру желісін жаңғырту жұмыстарын аяқтады. Шамдардың саны 796 дананы құрады, ұзындығы - 30,7 км.

Алматы. 2 қазан. Kazakhstan Today - Медеу ауданының жарықтандырылуы мен эстетикалық көрінісі қалай жақсаратыны туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында Медеу ауданының әкімі Әсет Масабаев айтты.

Медеу ауданында есеп беру кезеңінде 17 918 жарық нүктелері бойынша қызмет көрсету жұмыстары жүргізілді, желілердің ұзындығы - 457,6 км. Мердігер ұйым Достық даңғылы бойымен Әл-Фараби даңғылынан "Медеу"мұз айдынына дейін сыртқы жарықтандыру желісін жаңғырту жұмыстарын аяқтады. Шамдардың саны 796 дананы құрады, ұзындығы - 30,7 км.

"Әл-Фараби даңғылынан Медеуге дейін ескі тіректер мен шамдарды жаңаларына ауыстырдық. Аспалы кабельдер жойылды. Жарықтандыру және аумақтардың эстетикалық көрінісі жақсарды. Әкімнің тапсырмасы бойынша тротуар жарығы орнатылды. Әл-Фарабиден Бутаковкаға дейінгі тротуарлар жарықтандырылды. Осылайша, жаяу туристер үшін қолайлы жағдай жасалған", - деді А.Масабаев.

Сонымен қатар, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында ауданда 76 бірлік көлемінде Гурилев, Сәрсенбаев, Говоров, Шучинская, Бурабай көшелерінде сыртқы жарықтандыру тіректері орнатылды.

Сонымен қатар, жарықтандырылмаған және ішінара жарықтандырылмаған көшелер мен аулаларға алдын ала есептеу жүргізілді. Аудан бойынша 273 көше аталған тізім енгізілген. Бүгінгі күні жобалық-сметалық құжаттама әзірленді, сыртқы жарықтандыру желілерінің құрылысы ағымдағы жылы қолданыстағы МЖӘ жобасы шеңберінде жоспарланған. Алайда коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша қалыптасқан жағдайға байланысты СЖЖ-нің құрылысына арналған бюджет қаражаты келесі жылға ауыстырылды. Жұмыс ерекше бақылауда.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны