26.12.2022, 08:39 11076

"Медеу" мұз айдынына 50 жыл толды

"Медеу" биік таулы спорт кешенінде мереке түнгі отшашумен аяқталды
Алматы. 26 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Кеше Алматыда теңіз деңгейінен 1691 метр биіктікте Медеу биік таулы шатқалында орналасқан "Медеу" биік таулы спорт кешенінің 50 жылдығы аталып өтті, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мұз айдынының аумағында көптеген ойын-сауық интерактивті алаң мен тарихи аймақ орналасқан.

Қазақстанның көрнекті спортшылары мен жаттықтырушыларының шеруімен салтанатты рәсім ашылды.

Сонымен бірге, мұзда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2019 жылғы қысқы Универсиаданың күміс жүлдегері және II қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері Элизабет Тұрсынбаева арнайы бағдарламасымен өнер көрсетті.

Мереке аясында аты аңызға айналған "Мұз симфониясы" мұз балеті мен "И в сердце горячо" гала-шоуының тұсаукесері өтті. Сонымен бірге, қонақтар Olуmpic Show атты алғашқы қазақстандық мұз шоуының қойылымын тамашалай алды.

Мерекенің шарықтау шегі Молданазардың кешкі концерті болды. "Медеу" биік таулы спорт кешенінде мереке түнгі отшашумен аяқталды.

Медеу - жасанды мұз айдыны бар дүние жүзіндегі ең ірі спорт кешені. 10 500 шаршы метр мұз теңіз деңгейінен 1691 метр биіктікте орналасқан. Ашық стадиондардың ішіндегі ең биік таулы спорт кешенілы спорт кешені. Конькимен жүгіру спортында әлемдік рекордтар саны бойынша көшбасшы. Қазақстандағы ең көп баратын спорт кешені. Қала құрылысы және сәулет ескерткіші.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны