02.09.2011, 12:40 4301

"Медеу" мемлекеттік аймақтық табиғи паркі ағаш отындарын сатуда

"Медеу" мемлекеттік аймақтық табиғи паркі ағаш материалдарын сататындығын хабарлайды. 1 текше метрдің құны - Т3075, деп хабарлайды Алматы қалалық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы.

Алматы. 2-қыркүйек. Kazakhstan Today - "Медеу" мемлекеттік аймақтық табиғи паркі ағаш отындарын сатуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазТаг ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "Медеу" мемлекеттік аймақтық табиғи паркі ағаш материалдарын сататындығын хабарлайды. 1 текше метрдің құны - Т3075, деп хабарлайды Алматы қалалық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы.

"Біз қазір ағаштардың бұтақтары мен дің сынықтарын өзіндік әкетумен сатуға ұсынып отырмыз. Ағашты ұйымдар да, қарапайым азаматтар да сатып ала алады", - деп мәлім етті "Медеу" бағы директорының орынбасары Қали Ижібеков.

Оның айтуынша, бұл ұсыныстың табиғи бақты дауыл жел құлатқан ағаштардан тазартуға еш қатысы жоқ.

"Құлаған ағаштардың негізгі бөлігі Іле-Алатай табиғи қорығының аумағында орналасты. Біздің аумақ Шымбұлақтан төмен және ол құлаған ағаштардан тазартылды", - деп мәлім етті Қ. Ижібеков.

Оның айтуынша, әзірге ағаш материалына деген жоғары сұраныс байқалып отырған жоқ.

Еске сала кетейік, 17 мамырда және 27 маусымда Іле-Алатау ұлттық бағында 100 мыңға тарта ағаш құлаған. Дауыл жел тағы 10 мың ағашты Алматы қаласында құлатқан, 37 ғимарат пен тұрғын үйдердің шатырларын жұлып әкеткен, көшені жарықтандыратын 62 бағанға зақым келген, 843 м. жол қоршауы, "Сарысай" шатқалындағы Медеу-Шымбұлақ жолындағы су өткізетін құбыр да бүлінген.

Дауылдан кейін ҚР төтенше жағдайлар министрі Владимир Божконың қатысуымен өткен кеңесте табиғат апатының салдарын жоюға республикалық бюджеттен қаржы бөлу туралы шешім қабылданды. Алматының қалалық бюджетінен бұл мақсатқа деп Т600 млн-нан аса қаржы бөлінді. Алайда тамызда Алматы әкімі Ахметжан Есімов аумақты тазарту жұмыстарының қарқыны төмен екенін айтып, сынға алды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны