07.05.2007, 12:29 3801

Медеу мұз айдыны мен Шымбұлақ тау шаңғысы базасын жаңалау жұмыстары кезінде табиғатты қорғауға баса назар аударылады - "Capital Partners"

АЛМАТЫ. 7-мамыр. Kazakhstan Today. "Capital Partners" компаниясы Алматыдағы таулы шипажайлар - Медеу мұз айдыны мен Шымбұлақ тау шаңғысы базасын жаңалау жұмыстары кезінде табиғатты қорғауға баса назар аударылады, деп сенідіреді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Табиғат қорғауда маңызға ие мәселелерге баса назар аударылады",- дейді компаниялағылар.

Атап айтсақ, "Capital Partners" компаниясындағылардың сендіруінше, Медеу мұз айдыны мен Шымбұлақ тау шаңғысы базасын жаңалау жұмыстары кезінде жүктер тек түнгі мезгілде және айналма жол арқылы тасымалданатын болады. Сонымен бірге компанияның түсініктемесіне сәйкес, жоба жасаушылар оны қолға алмас бұрын құрылыс жұмыстарының топырақ пен Кіші Алматы өзенінің суына тигізетін кері әсері секілді факторларды ескерген. "Жасанды жарық пен шуылдың биологиялық түрлерге, соның ішінде түнде тірлік құратын жан-жануарларға әсерін айқындауға назар аударылған",- деп хабарлайды жобаға қатысушылар.

Сонымен бірге жобаны жасаушылар жаңартылған туристік кешендердің жұмыс істеуі кезіндегі экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын да қарастырды. Атап айтсақ, "қызметкерлер мен жергілікті келушілерге арналған жолаушылар тасымалдаушы көліктерді электр қозғалтқыштармен немесе биологиялық жанармаймен жұмыс істейтін қозғалтқыштармен жабдықтау қарастырылған", ал шипажайларға келген шетелдік туристер "әуежайдан және әуежайға айналма магистраль арқылы жеткізіледі". Жобада сонымен бірге аспалы жол мен автокөліктердің тұрақтарын жер астында салу арқылы ауаның ластану деңгейін түбегейлі төмендету көзделген.

"Ұсынылған барлық инженерлік шешімдерге жобасы жасалу сатысында мұқият техникалық және экологиялық сараптама жасалады",- дейді жоба авторлары.

Жуырда "Capital Partners" компаниясы Алматыда Медеу мен Шымбұлақты дамыту тұжырымдамасы бойынша қоғамдық тыңдау өткізді. Компания өкілі Бадура Славенконың хабарлауынша, бұл тұжырымдама қала құрылысы жөніндегі кеңесте қаралып, бекітілді.

Тыңдауға қатысқан "Медеу" мемлекеттік паркінің директоры Мұрат Атабаев өз кезегінде тау шаңғысы шипажайын дамыту тұжырымдамасы "Төтенше қорғаудағы табиғи аумақтар туралы" заңға қайшы келмейді", деп атап өтті. "Құрылыс жұмыстары кезінде барлық санитарлық және техникалық нормалар сақталады деп сенемін",- деді ол.

Медеуден Шымбұлаққа дейін созылатын аспалы жол мен 3 мың автокөлікке есептелген паркинг құрылысы шілде айында басталуға тиіс, ал нысандардың бірінші кезегі осы жыодың желтоқсан айында пайдалануға беріледі.

"Capital Partners" компаниясы 2001-жылы құрылған. Ол жылжымайтын мүлік саласындағы шетелдік жылжымайтын мүлік бизнесіне инвестиция салушы бірінші қазақстандық компания. Компания кеңсе, мейманхана, сауда орталықтары, тұрғын үй кешендері мен түрлі мақсаттағы ғимараттардың жобаларын дамыту және басқару іс-қызметімен айналысады. Ол Ақтау, Алматы, Астана, Атырау, Мәскеу және Стамбулдағы жобалармен шұғылдануда. "Capital Partners" компаниясының өкілдіктері Алматы, Киев, Мәскеу және Стамбулда жұмыс істейді. "Capital Partners" компаниясы басқаратын жылжымайтын мүлік саласына жұсалатын инвестицялардың көлемі 2 млрд доллардан асады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны