19.04.2007, 11:05 1478

Медиа-форумға қатысушылар өткен жылдың ең маңызды оқиғаларын талқылайды - ЕАМФ ұйымдастыру комитетінің төрайымы

АЛМАТЫ. 19-сәуір. Kazakhstan Today. ҮІ Еуразиялық медиа-форумға қатысушылар өткен жылдың ең маңызды оқиғаларын талқылайды, деп мәлімдеді бүгін ЕАМФ ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева форумның ашылуында, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Үш күн бойы біз "өткен жылғы оптимизмді арттыра қоймаған ең маңызды оқиғаларға қайта айналып соғатын боламыз",- деді Д.Назарбаева.

"Жаңалықтардың таспалары әскери қақтығыстар туралы ақпараттарға толы. Жер бетінде лаңкестік құрбанына айналған адамдардың саны арта түсуде, әлемнің христиандық және мұсылмандық деген екі топқа жарылуы одан әрі жалғаса түсуде",- деді ол. "Сонда бұл кейіпсіз күндер қайта оралды, ал дүниежүзі "Титаник" секілді бұлтартпас құрдымға қарай қайраңдап барады дегенді білдіре ме?",- деген сауал тастады ұйымдастыру комитетінің төрайымы.

"Бес жыл бұрын біз Дүниежүзілік екінші соғыстан кейін орныққан құндылықтар жүйесіне күмән келтіріле бастады ма деген жорамал жасаған едік. Содан бері бес жыл өтті, енді біз оның апатты жағдайда күйрегені туралы айтуымызға негіз бар",- деп мәлімдеді Д.Нзарбаева. Оның айтуынша, "соғыс тағы да пайда болған қайшылықтарды шешудің басты тәсіліне айналды". "Израиль мен Ливан арасындағы ұзаққа созылмаған әскери қақтығыс дүниежүзіне өзара қатулықтың күшейе түскенін паш етіп қана қоймай, әлдеқашан мұрағат қойнауына тапсырылды деп саналып келген төзімсіздіктің асқынған үлгісін көрсетті",- деді Д.Назарбаева. Оның айтуынша, дәл осындай себеппен ҮІ Еуразиялық медиа-форумның күн тәртібін анықтау барысында ұйымдастырушылар "әлемдік саясаттың осынау қайырымдылық сипаттан айрылып бара жатқан қатерлі сипатын айрықша бөле-жара қарау" мүмкіндігі бар деп тапты.

Д.Назарбаеваның пікірінше, қазіргі таңда "халықаралық лаңкестік аталған құбылыспен күреске бағытталған күш-жігерлер тек жалпыадамзаттық мораль нормаларымен ғана емес, сонымен бірге халықаралық құқық нормаларымен өткір қайшылыққа түсті".

"Қатерлі ахуалдың ушыға түсуін тұздықтаған тағы бір себеп - ядролық технологиялардың таралуы болмақ. Ол жанталаса қаруланудың жаңаша кезеңінің басталуына түрткі бола алады. Бұл әлемді ғаламдық алапатқа жақындата түспек. Бұл тақырыпты да орнықты саяси, құқықтық және моральдық-этикалық сараптамаға салу қажет",- деп санайды Д.Назарбаева.

Сонымен бірге, ұйымдастыру комитетінің төрайымының айтуынша, форум барысында қазіргі заманғы журналистика проблемалары да сарапқа салынады. БАҚ іс-қызметін құқықтық реттеу мәселелері талқыланбақ. "Жастар журналистикасының гламурға барынша бой ұру ағымының айқын көрініс беруі өткір талқыланатын әрі пайдалы әңгіменің өзегіне айналады",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны