14.04.2016, 12:18 5097

Медициналық дәрі-дәрмектерді рецептімен өткізу - жаӊа талап емес

Қазақстанныӊ дәріханаларында дәрілік заттарды рецептімен өткізу - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму мниистрлігініӊ (әрі қарай - ҚР ДСИДМ) жаӊа талабы емес. Рецептімен берілетін препараттарды рецептісіз өткізуге салынған 12 жылдан астам қолданыстағы тыйым азаматтардыӊ денсаулығы мен өміріне қауіп төндіруге әкелетін дәрілік заттарды бақылаусыз қолдануға рұқсат бермеуге бағытталған

Астана. 14 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ дәріханаларында дәрілік заттарды рецептімен өткізу - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму мниистрлігініӊ (әрі қарай - ҚР ДСИДМ) жаӊа талабы емес. Рецептімен берілетін препараттарды рецептісіз өткізуге салынған 12 жылдан астам қолданыстағы тыйым азаматтардыӊ денсаулығы мен өміріне қауіп төндіруге әкелетін дәрілік заттарды бақылаусыз қолдануға рұқсат бермеуге бағытталған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Рецептімен берілетін дәрілік заттардыӊ тізімі 2004 жылы "Дәрілік заттар туралы" ҚР Заӊы арқылы бекітілді. Қазіргі таӊда дәрілерді өткізу мәселелері 2009 жылғы "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" ҚР Кодексімен реттеледі. 2016 жылғы 1 қаӊтардағы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда 7713 дәрілік заттардыӊ атауы тіркелген, оныӊ ішінде дәрігердіӊ рецептісімен берілетін дәрілер саны 5871 (ҚР-да тіркелген дәрілік заттардыӊ жалпы саныныӊ 76%-ы), рецептісіз берілетін дәрілік препараттар саны - 1842.

Рецептімен берілетін дәрілік заттар тізіміне микробқа қарсы және гормонды препараттар; құрамында есірткі құралдары мен психотропты заттары бар дәрілік препараттар; жүрек-қантамырлары ауруларын емдейтін дәрілік заттар; ішек-қарын жолдары ауруларын емдеуде қолданылатын дәрілік заттар кіреді.

Дәрігердіӊ рецептісіз берілетін дәрілік заттар: дәрумендер, мұрын тамшылары, шырындар, шөптен жасалған шәйлар мен жинақтар, кейбір қабынуға қарсы және ауруды басатын препараттар.

ҚР ДСИДМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау аймақтық департаменті (әрі қарай - МФҚБК) мамандарыныӊ 2015 жылғы Астана тұрғындарына жүргізген сауалнамасы дәрілік заттарды алу барысында адамдардыӊ 51%-ы фармацевтер және провизорлармен кеӊесетінін, 18% - туыстары және таныстарымен, 12% - шешімді өздігінен қабылдайтынын және тек 19%-ы ғана дәрігерлермен ақылдасатынын көрсетті.

Сонымен қатар, Германия дәріханаларында дәрілік заттардыӊ 80%-ы тек ЕуроОдақ аумағында берілетін рецептімен өткізіледі. Дәрігер адамды толық тексергеннен кейін ғана дәрілік заттардыӊ рецептісін жазып береді. Германияда дәрілік заттарды рецептісіз жазып беру үшін дәрігерді көндірудіӊ қажеті де жоқ. Мұндай жүйе өздігінен емделу мен күшті әсерлі дәрілік заттарды бақылаусыз қабылдауға жол бермейді.

Дәрілік заттарды, олардыӊ көлемін, енгізу тәсілі мен емдеу ұзақтығын өздігінен таӊдау кезіндегі қателесу мүмкіндігі 80%-ға дейін жетеді.

Дәрілік заттарды тиімсіз қолдану мен өздігінен емделу салдары еӊ алдымен, уақытылы дәрігерге қаралмау, дәрілік заттардыӊ кері әсерлері мен улану, тәуекелділіктіӊ ұлғаюы, кейбір дәрілік заттарға адам ағзасыныӊ қабылдауыныӊ төмендеуі сияқты аурудыӊ асқыну қатерлі қаупін туындатады.

Антибиотиктер - сансыз адам өмірініӊ құтқарушысы, медицинаныӊ еӊ үздік жетістіктерініӊ бірі болып табылады. Оны тиімсіз қолдану аллергиялық реакция, тыныс демікпесіне, жүрек, бүйрек, бауырдыӊ қауіпті ауруларына, сондай-ақ, балалардыӊ туабітті кемістігініӊ ұлғаюына әкеледі.

Сонымен бірге, антибиотиктерді бақылаусыз қолдану - микроағзалардыӊ дәрілік заттарға төзімділігін тез туындатады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (әрі қарай - ДДСҰ) мұны маӊызды шаралар қабылдауды, сондай-ақ, антибиотиктерді дұрыс тағайындау мен қолдануды талап ететін жаһандық проблема деп қарастырады.

ДДСҰ ұсынымдарын, сонымен қатар, рецептімен босатылатын медициналық препараттарды бақылаусыз қолданудыӊ өсуін ескере отырып, ҚР ДСИДМ медициналық және фармацевтикалық қызметкерлермен дәрілік заттарды тағайындау мен өткізудіӊ қолданыстағы талаптарын орындау жөнінде, тұрғындармен жауапкершілікті сезінбей, өзін-өзі емдеуден туындайтын қатерлер туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандырды.

Сонымен, 2016 жылдыӊ басынан бастап Қазақстанныӊ астанасында "Астана денсаулықты таӊдайды!" жобасы басталды. Оны іске асыру шаралары аясында МФҚБК аймақтық департаменттерініӊ, денсаулық сақтау басқармалары және Астана қаласы Фармацевтикалық бірлестігініӊ мамандары дәрігерлер мен фармацевтермен кездесу ұйымдастырды. Шара барысында медициналық препараттарды рецептімен өткізудіӊ қолданыстағы ережелерін сақтау мәселелері талқыланды. Қала емханалары мен дәріханаларында тұрғындар үшін ақпараттық афишалар орналастырылды. Аталған бастаманы республиканыӊ өзге де аймақтары қолдады.

ҚР ДСИДМ рецептілерді жазу процедураларын жеӊілдету мақсатында оларды алу схемасы өзгертілетін болады. Дәрігерлер жеӊілдігі бар дәрілерге рецептіні созылмалы аурулармен сырқаттанған диспансерлік пациенттер үшін тоқсанына 1 рет (90%), қымбат дәрілер алатын ауыр сырқаттанған адамдар үшін ай сайын (10%) жазып береді. Дәріханалар пациенттерге берілген рецептілер негізінде сәйкес дәрілік заттардыӊ айлық қажеттілігін беру мен оныӊ есебін жүргізетін болады.

Жоғарыда аталған шаралар емханалардағы кезекті айтарлықтай төмендетіп, медперсонал жүктемесін азайтып, құжаттардыӊ қағаз айналымын азайтуға мүмкіндік береді.

Естеріӊізге сала кетейік, 2013 жылғы қаӊтардан бастап республиканыӊ барлық аймақтарында Дәрілік заттармен қамтамасыз етудіӊ автоматтандырылған ақпараттық жүйесі енгізілген болатын. Аталған жүйе нақты уақыт тәртібінде дәрігерлердіӊ жазып берген рецептілерін қадағалауға, тағайындалған дәрілік заттарды әрбір пациенттіӊ алуына, тегін медициналық көмектіӊ кепілдендірілген көлеміне сәйкес (әрі қарай - ТМККК) пациенттердіӊ дәрілік заттармен қамтамасыз етілуін бақылауға мүмкіндік береді. 2016 жылы пилоттық тәртіпте ТМККК құрамына кірмейтін дәрілік заттардыӊ рецептісін электронды құжат айналымына енгізу жоспарланып отыр.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны