27.02.2015, 14:34 3809

Медициналық препараттарды қабылдағаннан кейін туындаған аллергиялық реакциядан балалардыӊ қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған

2015 жылғы 25 ақпаннан бастап WhatsApp хабарлама алмасу жүйесі арқылы таратылған медициналық препараттарды қабылдағаннан кейін туындаған аллергиялық реакциядан балалардыӊ қайтыс болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды

Астана. 27 ақпан. Kazakhstan Today - 2015 жылғы 25 ақпаннан бастап WhatsApp хабарлама алмасу жүйесі арқылы таратылған медициналық препараттарды қабылдағаннан кейін туындаған аллергиялық реакциядан балалардыӊ қайтыс болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі дәрілік құралдардыӊ жанама әсеріне тұрақты негізде мониторинг жүргізіп отырады. 2015 жылғы 27 ақпандағы жағдай бойынша аллергиялық реакция туындатып, балалардыӊ өлім-жітіміне себеп болды деген дәрілік құралдар (амоксициллин, капесула, ибупрофен (суспензия), ацклофенак, ангисепт, сумамед, ингалипт, инфлюцид, балаларға арналған панадол және санасол) туралы ешқандай мәлімет келіп түскен жоқ.

Осыған орай ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ҚР Ішкі істер министрлігіне, ҚР Бас Прокуратурасына және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жалған ақпаратты таратудыӊ жолын кесуге шара қолдану туралы хат жолдады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны