17.12.2020, 18:01 63015

Медицина қызметкерлерімен кездесті

Индер. 17 желтоқсан. Kazakhstan Today - "Nur Otan" партиясы Индер аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Әлия Қарашина және кәсіпкерлер Жанат Шопанова мен Ақжібек Сабырғалиева бүгін аудандық орталық емханада медицина қызметкерлерімен кездесіп, Ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтады және "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.

Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар медицина қызметкерлеріне пандемия кезіндегі жанқиярлық еңбегіне алғысын айтты және кәсіпкерлерді сын сәтте әрдайым да қолдап, бірлесіп жұмыс жасауға әзір екендігіне тоқталды. Сондай-ақ ауданның кәсіпкерлік саласындағы біраз мәселені көтеріп, оны лайықты шешуге ықпал етуге атсалысатындықтарын жеткізді.

Жыл сайын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне берілетін жер телімдерінің көлемін ұлғайтуға, жаңа бизнес – идеяларды жүзеге асыру үшін қайтарымсыз гранттар беруге ықпал ету, бизнестің дамуымен халықты жұмыспен қамту, ішкі нарықты отандық тауармен толықтыру сынды мәселелерді қозғады.

"Облыста іскер әйелдер кеңесі құрылып, ауданда оның төрағалық қызметін де атқара бастадым. Мақсат - аудандағы әйелдердің бизнесін одан әрі дамытуға мүмкіндігінше қол ұшын беру. Бұл салада кезегін күткен өзекті мәселелер жоқ емес", -деді Әлия Қарашина.

Сондай-ақ кездесуде аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Жанат Шопанова мен Ақжібек Сабырғалиева да ауданда кәсіпкерлікті дамыту, халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарына жан-жақты қолдау жөніндегі өзінің ұсыныс-пікірін жеткізді.

Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Анар Доспаева кешегі індет тараған кезде аудан кәсіпкерлерінің медицина саласында қажетті қосымша құрал-жабдықтар алуға және сырқатқа шалынған жандарды қолдауға үлкен көмек жасағанын айта келе, "Nur Otan" партиясының нәтижелі істерімен халықтың көңілінен шыға беретіндігіне сенімі мол екенін жеткізді.

"Nur Otan" партиясы Атырау облысы Индер қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны