09.05.2019, 14:48 12830

Медицина қызметкерлерінде маман сертификаттарының болуына қатысты республика бойынша медициналық ұйымдарға мониторинг жүргізілуде

Мониторинг барысында бірқатар медициналық ұйымдарда қызметкерлердің маман сертификатынсыз клиникалық практикаға жіберілетіні анықталады. Осы фактілер бойынша әкімшілік-басқарушылық шаралары, оның ішінде осы қызметкерлерді жұмыстан шеттету және медициналық ұйымдардың басшыларына қатысты тәртіптік шаралар қабылдануда.

Нұр-Сұлтан. 9 мамыр. Kazakhstan Today - ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті медицина қызметкерлерінде маман сертификаттарының болуына қатысты республика бойынша медициналық ұйымдарына мониторинг жүргізуде.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласы және Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармалары тиісті қоғамдық денсаулық сақтау департаменттерін тарта отырып, Шымкент қаласы мен Түркістан облысындағы медицина қызметкерлерінде клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаттарының болуы бойынша жағдайға мониторинг жүргізді.

Мониторинг барысында бірқатар медициналық ұйымдарда қызметкерлердің маман сертификатынсыз клиникалық практикаға жіберілетіні анықталады. Осы фактілер бойынша әкімшілік-басқарушылық шаралары, оның ішінде осы қызметкерлерді жұмыстан шеттету және медициналық ұйымдардың басшыларына қатысты тәртіптік шаралар қабылдануда.

Мониторингті Қазақстанның басқа өңірлерінде жүргізу жоспарланып отыр.

Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттау медициналық білімі бар адамдардың медициналық қызметті жүзеге асыруға дайындығын анықтау және оларға маман сертификатын бере отырып, оларды клиникалық практикаға (пациенттермен жұмыс істеуге) жіберу мақсатында жүргізіледі.

Тиісті маман сертификаты болмаса, медицина қызметкерінің клиникалық практикамен айналысуына тыйым салынады.

Медицина қызметкерлері клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатынсыз медициналық көмек көрсеткені үшін "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 424-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Сертификат ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің тиісті аумақтық департаментімен беріледі.

Мамандардан өтініштерді қабылдау және сертификат беру "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Сертификатты беру мерзімі маман сертификатын беру туралы өтініш берілген сәттен бастап 5 жұмыс күнін құрайды.

Сертификат Комитеттің аумақтық департаментінің басшысы оны беру туралы шешім шығарған күннен бастап 5 жыл Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады. Осы мерзім өткеннен кейін сертификаттың қолданылуы тоқтатылады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны