31.08.2020, 12:52 8993

Медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлерін психоневрологиялық аурулары бар азаматтарды оңалтуға оқытады

Жобаға стационар жағдайында қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелердің мамандары қатысады. Оларға мекеме директоры, әдіскер, психолог, логопед, дефектолог мұғалімдер, тәрбиешілер, жаттығу терапиясы жөніндегі инструкторлар және т. б. кіреді.

Алматы. 31 тамыз. Kazakhstan Today - МӘМ қызметкерлерін психоневрологиялық аурулары бар азаматтарды оңалтуға оқытады.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында Қазақстанда алғаш рет Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (бұдан әрі - МӘМ) мамандарын психоневрологиялық аурулары бар балалар мен ересектерді оңалту бойынша онлайн-оқыту жүргізіледі. Жоба ағымдағы жылғы қыркүйек айының ортасында 28 МӘМ-де басталады.

Семинарларды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы "Қамқорлық қоры" корпоративтік қорының қолдауымен ұйымдастырады. Семинарлар циклін мүгедектігі бар адамдардың "Кеңес" әлеуметтік бейімдеу және еңбекпен оңалту орталығы қоғамдық бірлестігі әзірледі.

Жобаға стационар жағдайында қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелердің мамандары қатысады. Оларға мекеме директоры, әдіскер, психолог, логопед, дефектолог мұғалімдер, тәрбиешілер, жаттығу терапиясы жөніндегі инструкторлар және т. б. кіреді.

Онлайн курстан өтіп, МӘМ мамандары қамқорлыққа алынған адамдарды өзіне-өзі қызмет көрсету, жеке гигиена, әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлану және т. б. сияқты әлеуметтік маңызды дағдыларға үйрете алады. Сонымен қатар, алынған білім негізінде МӘМ мамандары өз өңірлерінде әлеуметтік қызметкерлерді одан әрі оқытады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны