14.07.2020, 15:20 3395

"Медициналық әлеуметтік сақтандыру қоры" КЕАҚ-ның қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Сонымен қатар, Агенттік жұртшылықпен бірлесіп COVID-19-бен күреске бағытталған шетелдік гуманитарлық көмекті таратуды тексеруде.

Алматы. 14 шілде. Kazakhstan Today - Агенттік Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерін, жұртшылық пен сарапшыларды тарта отырып, мемлекеттік сегменттегі дәрі-дәрмектердің, медициналық техника мен медициналық бұйымдардың бірыңғай дистрибьюторы - "СК-Фармация" ЖШС қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдауды бастады.

Талдау барысында компания қызметінің ұйымдастыру-басқару қызметі мен нормативтік-құқықтық базасы жан-жақты зерделенеді. Нәтижелері бойынша оның қызметінің тиімділігін арттыру, ұйымдастыру құрылымын оңтайландыру, бизнес-процестерді трансформациялау, әкімшілік шығындарды қысқарту, мемлекеттік сатып алуды тиімді ету және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша нақты ұсыныстар енгізіледі.

Компанияның басшылығы мен қызметкерлері тарапынан анықталған құқық бұзушылық фактілері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Сонымен қатар, Агенттік жұртшылықпен бірлесіп COVID-19-бен күреске бағытталған шетелдік гуманитарлық көмекті таратуды тексеруде.

Сондай-ақ, Сыбайлас қызметтің сатып алынатын қызметтердің бағасын асыра көтеру арқылы "Медициналық әлеуметтік сақтандыру қоры" КЕАҚ-ның қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастағанын хабарлаймыз.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны