05.02.2020, 19:00 6922

Медициналық өнімдер бағасының өсуін тежеу туралы меморандумға қол қойылды

Бүгінгі күні Алматы қаласында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу және болдырмау бойынша шаралар жүзеге асырылуда. Бұл мәселе Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаевтың бақылауында

Алматы. 5 ақпан. Kazakhstan Today - Медициналық өнімдер бағасының өсуін тежеу туралы меморандумға қол қойылды.

Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен баспасөз-конференциясында Алматы қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасимова мәлімдеді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Алматы қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті фармацевтикалық компаниялармен бірге ЖРВИ мен тұмаумен сырқаттанушылық кезеңінде, сондай-ақ бірқатар елдердегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, медициналық маскалар мен вирусқа қарсы препараттардың бағасын ұстап тұру бойынша шаралар қабылдауды жоспарлаған болатын.

Осылайша, ағымдағы жылдың 3 қаңтарында фармацевтикалық индустрияның барлық өкілдері мен өндірушілері қатысқан мәжіліс барысында медициналық өнімдер бағасының өсуін тежеу туралы Меморандумға қол қойылды.

"Бұл меморандум сатылатын препараттар, соның ішінде вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер мен маскалар бағасының өсуін тежеуді көздейді. Мұндай шара өзінің оң нәтижесін береді деп сенеміз", - деді А. Молдағасимова.

Сондай-ақ департамент басшысының айтуынша, жиында бетпердені бір қолға 15-20 данадан асырмай сату және бір бетперденің орташа бағасын белгілеу ұсынылған. Бүгінгі күні медициналық маскалардың орташа бағасы 20-30 теңгені құрайды. А. Молдағасимова атап өткендей, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті баға шегін белгілей алмайды, өйткені барлық дәріханалар жеке меншік субъектілері болып табылады, алайда жиын барысында барлық қатысушылар жоғарыда көрсетілген ұсыныстарды қолдаған.

Естеріңізге сала кетейік, баға келісімі және жасанды жасалған дүрлікпе жағдайында қала билігі әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша барлық шараларды орындайды.

Бүгінгі күні Алматы қаласында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу және болдырмау бойынша шаралар жүзеге асырылуда. Бұл мәселе Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаевтың бақылауында, Осы мақсатта әкімнің орынбасары Е. Бабақұмаровтың төрағалығымен коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі өңірлік штаб жұмыс істейді. Алматыда жағдай тұрақты.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны