03.04.2017, 19:14 4290

Мегажұлдыз Пласидо Доминго "Астана Опера" театрында өнер көрсетеді

Опера королі Пласидо Доминго 1 және 3 тамызда Дж. Вердидіӊ "Травиата" операсында өнер көрсетуге дайындалуда.

Астана. 3 сәуір. Kazakhstan Today - Опера королі Пласидо Доминго 1 және 3 тамызда Дж. Вердидіӊ "Травиата" операсында өнер көрсетуге дайындалуда. "Астана Опера" театрыныӊ Үлкен залыныӊ сахнасында заманымыздыӊ әйгілі вокалисті Жорж Жермон партиясын орындайды. Спектакльге билеттер сатылымға түсті.

Пласидо Доминго классикалық музыканы сүйіп тыӊдаушылар арасында ғана емес, күллі әлемге әйгілі. Маэстроныӊ есімібиске еӊ көп шақырылуы (101 рет) және репертуар көлемі бойынша Гиннестіӊ рекордтар кітабына енген: 2016 жылға қарай орындаған рөлдер саны - 147 және әлемніӊ үздік сахналарында 3800 рет өнер көрсеткен.

Пласидо Домингоныӊ дирижерлік тұғырға шыққаны 500 реттен асады; жүзден астам фильмдердіӊ түсіріліміне, аудио және видео жазбаларға қатысқан.

МаэстроЛучано Павароттимен және Хосе Каррераспен бірге "үштенор" жобасына қатысқандабүкіл әлемдік даӊққа ие болған. Операдағы баритондық партияларды орындауды ол 2009 жылдан бастады. Төрт жыл өткен соӊ әйгілі әнші Жорж Жермон рөлінде алғаш өнер көрсетті.

Пласидо Доминго бейнелерді сомдай отырып, өз қаһарманыныӊ әрбір жан тебіренісі мен күйзелісін жеткізеді. Жорж Жермон - бұл, бірінші кезекте, өзініӊ жақсы көретін балаларына тек бар жақсылықты тілейтін әке. Алайда отбасыныӊ берекесі үшінкүресте ол ұлы Альфред пен оныӊ сүйіктісініӊ өмірін азапқа айналдырады. Екінші актіде Жермонекіжүзді кейіпке еніп, Виолеттаға өзін кінәлі сезінетіні, жасаған ісіне қатты өкінетіні туралы ағынан жарылып, ақыл айтады.

- "Травиата" операсы еӊбек жолымды бастаған сәттена-ақ мен үшін үлкен белгіге айналды. 1960 жылы, небәрі он тоғыз жасымда Монтерреде (Мексика) өткен операдаГастонныӊ шағын партиясын шырқадым. Келесі жылы дәл осы қалада мен бірінші басты рөлім Альфредті орындадым. Сонымен бірге, осы ұлы жауһар туындыға дирижерлік еттім, енді міне Альфредтіӊ әкесі Жорж Жермонныӊ баритондық партиясыншырқау бақыты бұйырды,-деп атап өтті Пласидо Доминго.

Өзініӊ жарқыраған еӊбек жолыныӊ жарты ғасырдан астам уақыты ішінде Пласидо Доминго түрлі мемлекет тарапынан көптеген марапаттыӊ иегері атанған. Ол - 12 Грэмми сыйлығыныӊ лауреаты, Бостандық Президенттік медалініӊ иегері (АҚШ), Азаматтық еӊбегі үшін Үлкен крест орденініӊ және Изабелла Католическая орденініӊ кавалері(Испания), Британия империясы орденініӊ Құрметті Рыцарь-Командоры, Құрметті легион ордені мен Өнер және әдебиеторденініӊ командоры (Франция) және т.б. Ийгілі әнші әлемніӊ алдыӊғы қатарлы он жеті университетініӊ, соныӊ ішінде Гарвард университеті, Джульярд мектебі (АҚШ) және т.б. құрметті докторы.

Басталуы19:00.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны