17.05.2010, 13:03 2931

Мексика шығанағында бірнеше жерде ірі көлемде мұнай жиналып отыр

Мексика шығанағында бірнеше жерде ірі көлемде мұнай жиналып отыр

Алматы. 17 мамыр. Kazakhstan Today - Мексика шығанағында 700 және 1,3 мың метр тереңдікте ғалымдар бірнеше жерде ірі көлемде мұнай жиналғанын анықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today "РосБизнесКонсалтинг" (РБК) агенттігіне сілтеме жасап.

АҚШ БАҚ-тарының хабарлауынша, "олардың ішіндегі ең үлкенінің ұзындығы 16 шақырымнан асса, ені - 5 шақырымға жуық, қалыңдығы - 90 метр шамасында. Сарапшылардың пайымдауынша, бұл жайт үкімет пен ВР компаниясы хабарлағаннан аққан мұнайдың көлемі әлдеқайда артық екенін дәлелдейді.

"Жиналған мұнай шығанақ суында еріген оттегі қорын тауыса түсуде, соған байланысты ғалымдар оттегі мөлшері азая келе теңіздегі хайуанаттардың көп бөлігінің құрып кетуіне алып келуі мүмкін деген қауіп білдіруде. Ғалымдардың мәліметінше, кейбір мұнай жиналған жерлердегі оттегі мөлшері қазірдің өзінде 30%-ға төмендеген", - делінген РБК хабарламасында.

"Мамандар аққан мұнайдың мұндай үлкен тереңдікте іркіліп қалу мүмкіндігін түсіндіруге тырысуда. Олардың пікірінше, бұл оқиғаға ВР компаниясының төгілген мұнайдың концентрациясының қаупін азайту үшін ұсақ бөлшектерге ұнтақтау мақсатымен мұнай ағынына арнаулы химиялық заттар- дисперсиялық бөлшектеуіштерді қосудан болған. Бөлшектер тым ұнтақталып кетуге байланысты судың бетіне тез арада қалқып шыға алмай қалған", - делінген хабарламада.

15 мамырда ВР басшылығы брифингте осыдан бір күн бұрын қоршаған ортаны қорғау басқармасынан рұқсат алғаннан кейін дисперсиялық бөлшектеуіштерді пайдалануды одан әрі жандандырғанын жария еткен. Алайда, ғалымдар аталған химикаттар мұнайдың мұндай ірі көлемде ағуы кезінде алғаш рет пайдаланылып отырғандықтан, оларды қолдану тиімділігін әзірге болжап айту қиын деген пікірде.

Еске сала кетейік, 2010 жылдың 20 сәуірінде Мексика шығанағындағы ВР компаниясы жалға алу құқығымен иелік ететін мұнай станциясында жарылыс болып, 11 адам қаза тапты. Бұдан кейін суға батқан платформадан мұнай шыға бастады. Мексика шығанағына күн сайын шамамен 5 мың баррельдей мұнай ағуда. Алабама, Миссисипи, Луизиана және Флорида штаттарының экологиялық жүйесіне айтарлықтай зардап келді. АҚШ басшылығы кейінірек мәлімдегендей, шығынның өтемін беру және тазарту операцияларын қаржыландыру жауапкершілігі тек ВР компаниясына ғана жүктелуге тиіс. 2010 жылдың 5 мамырында BP мамандары су асты роботтарының көмегімен мұнай ұңғысындағы мұнай шығып жатқан бір тесікті бітеді, бірақ қалған екеуінен Мексика шығанағына мұнай аға берді. Мұнайдың шығуына тосқауыл қою талпыныстары әзірге нәтиже бермей отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны