10.02.2012, 16:36 4243

Мексикада 15 тонна есірткі тәркіленді

Мексика әскерилері ел тарихында аса көп мөлшердегі есірткі тәркіледі. Солдаттар елдің батысындағы Хслиско штатында 15 тонна метамфетамин есірткісін тапқан, деп хабарлайды Хабар агенттігі.
Астана. 10-ақпан. Kazakhstan Today - Мексикада 15 тонна есірткі тәркіленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мексика әскерилері ел тарихында аса көп мөлшердегі есірткі тәркіледі. Солдаттар елдің батысындағы Хслиско штатында 15 тонна метамфетамин есірткісін тапқан, деп хабарлайды Хабар агенттігі.

Бұл шама 2009 жылы бүкіл әлем бойынша тәркіленген метамфетамин есірткісінің тең жартысы деген сөз. Сондықтан, Мексиканың есірткімен күрес бөлімінің көпті көрген қызметкерлерінің өзі де жаға ұстап отыр. Сарапшылардың айтуынша, 15 тонна есірткі 13 миллион дозаға бөлініп барлығы 4 миллиард АҚШ долларына сатылуы ықтимал екен. Журналистер Гвадалахара қаласы маңындағы жасырын зертханадан табылған осы есірткінің қанша екендігіне көз жеткізіп қайтты.

Мексика әскері өкілдерінің айтуынша, жасырын есірткі өндірісі турасында белгісіз біреулер хабарлаған. Мексиканың заң орындарымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеп жүрген АҚШ-тың есірткімен күрес орындары көп мөлшердегі есірткі Синалоа қылмыстық тобына тиесілі болуы мүмкін деп отыр. Жасырын зертхананың өзінде еш адам табылмаған және ешкім жұмыс істеп жүрген жоқ екен. Алайда зертхана орналасқан ранчода 15 шақты адам болған. Мексикада метамфетамин есірткісін ірі мөлшерде тәркілеудің осыдан бұрынғы оқиғасы 2010 жылғы маусым айында болған еді. Сол кезде 3,5 тоннаға жуық есірткі табылған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны