17.05.2012, 10:01 3455

Мектеп бітіруші түлектер екі мәрте тестілеуден өтеді

Өйткені, болашағын саралайтын сәтте, бір ғана кешенді тест тапсыратын талапкерлер, шын мәнінде таңдаған мамандықтарына мән бермейтін көрінеді. Еліміздің білім саласындағы жаңалықтарын жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Рахман Алшанов тілшілерге арнайы жеткізді.

Астана. 17-мамыр. Kazakhstan Today Бұдан былай мектеп бітіруші түлектер екі мәрте ұлттық біріңғай тестілеуден өтетін болады. Алғашқысы, мектеп тәмамдағанда, ал соңғысы жоғары оқу орнына түсу кезінде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Өйткені, болашағын саралайтын сәтте, бір ғана кешенді тест тапсыратын талапкерлер, шын мәнінде таңдаған мамандықтарына мән бермейтін көрінеді. Еліміздің білім саласындағы жаңалықтарын жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Рахман Алшанов тілшілерге арнайы жеткізді.

Бүгінде пилоттық жобаны жүзеге асыру шешімі қабылданып қойған. Бұл жаңашылдық әсіресе түлектердің ата-аналары мен психолог мамандардың наразылығын тудырған. Сондай-ақ, Білім министрі Бақытжан Жұмағұловтың "Колледж түлектері де кешенді тесттен өтеді " деген сөзіне, бұған дейін оқуларын жоғары оқу орындарында еш кедергісіз жалғастырып келген студенттер қарсы шыққан еді. Алайда кеш айтылса да, тоғызыншы сыныптан соң орта арнаулы білім ордасына кеткен жастар, биыл міндетті түрде ұлттық біріңғай тест тапсыратын болып шешілді. Алайда бұл талапкерлердің тестегі тапсырмалары сәйкесінше бөлек болатын болды.

"Колледж студенттері үшін бөлек әдіс қолданылатын болады. Ол мектеп бітіруші түлектердікіне қарағанда жеңілдірек. Және олар бөлек тапсыратын болады". дейді Рахман Алшанов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны