19.09.2018, 15:49 3332

Мектептер мен балабақшалардыӊ бюджеттерін ашық қолжетімділікте жариялау талап етіледі

"Біз ата-аналар білім беру ұйымдарындағы жөндеу немесе іс-шараларды өткізу жұмыстарына қандай да бір шығындар жасауға міндетті емес деп ойлаймыз және мұндай фактілерді жемқорлық ретінде қарастырамыз, өйткені осы мақсаттар үшін бюджеттен жеткілікті қаражат бөлінеді ", - деді Олжас Бектенов.

Астана. 19 қыркүйек. Kazakhstan Today - МҚІСЖҚА мектептер мен балабақшалардыӊ бюджеттерін ашық қолжетімділікте жариялауды талап етеді.

Бұл туралы жуырда МҚІСЖҚА төрағасыныӊ орынбасары Олжас Бектеновтыӊ төрағалығымен білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жиында айтылған болатын.

Іс-шараға білім және ғылым вице-министрі Асхат Айтмағамбетов, білім және ғылым министрлігініӊ өкілдері, сондай-ақ бейнеконференц байланыс арқылы, облыстық және қалалық білім басқармаларыныӊ басшылары, мектеп директорлары мен мектеп қамқоршылық кеӊестердіӊ белсенді өкілдері қатысты.

Агенттік төрағасыныӊ орынбасары білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған ағымдағы жұмыс туралы әӊгімеледі, сондай-ақ білім беру ұйымдарында кез-келген алым-салымға жол бермеу туралы ескертті.

"Біз ата-аналар білім беру ұйымдарындағы жөндеу немесе іс-шараларды өткізу жұмыстарына қандай да бір шығындар жасауға міндетті емес деп ойлаймыз және мұндай фактілерді жемқорлық ретінде қарастырамыз, өйткені осы мақсаттар үшін бюджеттен жеткілікті қаражат бөлінеді ", - деді Олжас Бектенов.

МҚІСЖҚА басшысыныӊ орынбасары білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеӊестерініӊ ағымдағы қызметі туралы егжей-тегжейлі тоқтап, ерікті жарналар мәжбүрлі сипат алып келу фактілерініӊ алдыналу қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ Олжас Бектенов бүгінгі күні мемлекеттік аппарат қоғаммен қарым-қатынастарды ашық және есеп берушілік қағидаттарында қалыптастыруда екендігін атап өтті. Қазақстанда "Ашық үкімет" порталы жұмыс атқарады, онда кез келген адам онлайн режимде мемлекеттік органдардыӊ кеӊ көлемді дерекқорына, соныӊ ішінде бюджеттік есептілікке қол жеткізе алады. Бұл бюджет қаражатын жұмсауға қоғамдық бақылау арқылы белсенді азаматтық позициялардыӊ дамуына ықпал етеді.

Мектептер мен балабақшаларда алым-салым мәселесін шешу үшін Олжас Бектенов толық қаржы есебін міндетті түрде жариялауды ұсынды, өйткені бұл қаржы ресурстарын дұрыс пайдаланбау және сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерін жүзеге асыру мүмкіндігін жоққа шығарады.

"Білім беру мекемелерінде қамқоршылық кеӊестерініӊ есептері ресми түрде ашылуға тиіс, ол қайырымдылық көмектіӊ ашықтығын қамтамасыз етеді. Уәкілетті орган осы мәселені бақылауға және шот ашуға мониторинг жүргізуі тиіс", - деді ол.

Сонымен қатар, спикер білім беру ұйымдарыныӊ бюджеті туралы ақпарат мектептердіӊ, балабақшалардыӊ, білім беру бөлімдерініӊ веб-сайттарына кез-келген адам үшін түсінікті, қол жетімді нысанда орналастыру керек екенін атап өтті.

Тек қана осындай жолмен - қоғамныӊ айқындығы мен бақылау арқылы "тұрмыстық жемқорлықты" жоюға болады, - деп қорытындылады Олжас Бектенов.

Естеріӊізге сала кетейік, Агенттікте 1424 Call-орталығы жұмыс жасайды, онда азаматтар шағымдар мен ұсыныстарымен, оныӊ шінде сыбайлас жемқорлық деректері бойынша хабарласа алады.

Сондай-ақ азаматтар МҚІСЖҚА Төрағасыныӊ фейсбуктегі парақшасына, жеке блогына ("Ашық диалог" интернет-порталы) және [email protected] электронды пошталарына өтініш жасай алады.

ҚР МҚІСЖҚА баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны