18.12.2017, 23:45 5717

Мемлекет басшысы Қазақстанныӊ халық әртісі Құман Тастанбековтіӊ дүниеден өткеніне орай көӊіл айтты

"Оныӊ жарқын бейнесі мен ұлт өнеріне сіӊірген еӊбегі халық жадында әрқашан сақталатынына сенімдімін", - делінген жеделхатта.

Алматы. 18 желтоқсан. Kazakhstan Today - Елбасы Қазақстанныӊ халық әртісі, танымал актер Құман Тастанбековтіӊ қайтыс болуына байланысты туған-туысқандары мен жақындарына көӊіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы көрнекті театр және кино актері, Қазақстанныӊ халық әртісі Құман Тастанбековтіӊ дүниеден өткеніне орай көӊіл айтты.

Жеделхатта Қ.Тастанбековтіӊ отандық театр және кино өнерін дамытуға, сондай-ақ жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан зор үлесі атап көрсетілген.

"Оныӊ жарқын бейнесі мен ұлт өнеріне сіӊірген еӊбегі халық жадында әрқашан сақталатынына сенімдімін", - делінген жеделхатта.

Маӊғыстау облысы әкімініӊ баспасөз қызметініӊ хабарлауынша, Қазақстанныӊ халық әртісі Құман Тастанбеков Маӊғыстау облысына туысқандарына сапары кезінде қайтыс болған.

Баспасөз қызметініӊ таратқан хабарламасында былай делінген:

"Құман - Ғұмыр Төлеген ғайыпқа айналып кете барды...

Тастанбектіӊ Құманы болып, Жетісуда өмірге келген Алаш азаматыныӊ тағдырына Жаратушымыз Базарбайдыӊ Төлегені болып кино әлеміне танылып, абыройлы да мағыналы ғұмыр кешіп, ата жасына жеткенде киелі Маӊғыстауда ақтық сапарына аттануды жазыпты...

Дәл бір ата-ана батасын алуға кетіп оралмай қалған Төлеген сынды әдеттегіше, Ақтау қаласында тұратын аяулы қарындасыныӊ үйіне қонаққа келіп, айнала жекжат-жұртшылықты жан мейірімімен, сырбаз да сұлу болмысымен көзайым етіп, күтпеген жерден ақыреттіӊ ақбозына мініп кете барған...

Алла тағала адал құлы Құман -Төлегенді иман байлығымен жарылқап, мәӊгілік жәннаттыӊ бағын нәсіп еткей!

Марқұмныӊ мәйітін Ақтаудан Алматыға шығарып салу үшін Маӊғыстау облысыныӊ әкімі Ералы Тоғжанов пен жергілікті зиялы қауым өкілдері және қала тұрғындары әуежайға жиналды.

Жиында өӊір басшысы Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов марқұмныӊ өмірлік жары Меруерт Қаратайқызы, балалары, ағайын-бауырлары және Құман ағаныӊ өнерін қастерлеп, азаматтық тұлғасын қадір тұтқан барша қауымға қайғысына ортақтасып, Маӊғыстау жұртшылығыныӊ атынан көӊіл айтты. Анықтама: Құман Нұрмағанұлы Тастанбеков (10 наурыз 1945 жыл, Алматы облысы Сарқант ауданы, Екіаша ауылы - 17.12.2017- кино және театр актері. Қазақстанныӊ халық әртісі (1993). Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығыныӊ иегері (1976). Мұхтар Иуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрыныӊ актері (1969 жылдан).

Қазақ КСР-ніӊ еӊбек сіӊірген әртісі

Қазақстан Республикасыныӊ халық әртісі

"Құрмет орденініӊ" иегері".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны